Қарындағы май сымбатыңызды бұзып, жайсыздық тудыра ма? Олай болса, мына лайфхактар сізге тез арада іштегі майды кетіруге көмектеседі.
Денеге артық салмақ жинала бастаса оны көп қимылдамағаннан немесе дұрыс тамақтанбаудан деп санаймыз. Бұл дұрыс та шығар. Дегенмен таразыдағы сіз көріп жүрген сандардың азайғанын қаласаңыз, дәл осы лайфхактарды жасап көріңіз, бір кәдеңізге жарары сөзсіз.
Диетологтар арықтағысы келетіндерге күнделікті ішіп жүрген сусындарға мән беруді ұсынады. Сонымен қатар, салмақ жоғалтыңыз келсе, көп қимылдап, аз тамақ жеңіз. Бұл арықтаудың ең қарапайым формуласы.
Жасы келген сайын көптеген әйелдердің салмағы артып, әсіресе бөксе мен қарынға май жинай бастайды. Мұндай жағымсыз әрі сүйкімсіз кейіптен арылуға тек қана жаттығулар, тойымды тіскебасарлардан бас тарту және де мынадай үш түрлі сусын септігін тигізе алады. Егер осыларды бұлжытпай орындайтын болсаңыз, ең болмағанда мақсатыңызға 50 пайыз қол жеткізесіз. Яғни, 90 келі салмағыңыз 5-6 келіге болсын төмендеп, сымбатыңыздан ұялмайтын боласыз. Ал, жаттығуды, біз айтқалы отырған сусындарды күнделікті ішіп отырсаңыз, нәтиже ары қарай жалғаса береді. Ендеше керемет лайфхактарды атап өтейік!
Көк шай ішіңіз
Арықтауға бірден-бір септігін тигізетін ең тамаша сусындардың бірі көк шай екені даусыз. Оның құрамы антиоксиданттарға бай. Бұл антиоксиданттар зат алмасуды жылдамдатып, майды ерітеді. Көк шай ішкеннен кейін бойыңыз сергіп, үнемі шаршап жүруден арыласыз.
Көк шайды қарнына май жинайтындар ішуі керек. Керемет сусын ағзаңыздағы зат алмасу процесін үдете түссін десеңіз, көк шайдан күніне 3 шыны ішуге тырысыңыз.
Кофеден кейін екі стақан су ішіңіз
Таңертең де, түсте де, кешкілік уақытта да кофе ішетіндер жетерлік. Ең болмағанда құрамында кофеині бар сусынды ішпесе өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Кофеинді көп қабылдаған сайын зат алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, ағзадағы сұйықтық азаятын болады.
Кофеге қосылатын кілегей немесе басқа да қоспалардың құрамында қант бар. Бұл қант та тез арада беліңізге май болып жабысуға тырысады. Сөйтіп қанттың әсерінен пайда болған мұндай майды кетіру қиынға соғады.
Газды су ішуге болады
Күніне 2 л су ішуді қиынсынатындар баршылық. Кейбірі тіпті су ішкенді ұнатпайды. Осындай жағдайда қарапайым судың орнына газды су ішіп көріңіз. Газды су қант қосылған кофеден зиянды емес.
Газды судың қарынды тоқ қылатын да қасиеті бар екен. Жай су ішсеңіз, қарныңыз тез ашып, дастарханға жиі жайғасуыңыз ғажап емес. Ал, оның орнына газды су ішсеңіз, бәрі де басқаша болуы мүмкін. Сол себепті де мамандар арықтау үшін судың орнын толтыру мақсатында су іше алмайтындарға газды су ішуге кеңес береді.Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қант пен тұз теріге кері әсер ететінін білесіз бе?