​Корей сұлулары МЫНА ДИЕТАны ұстайды

0
3 475

Бұл диета асқорытуды жақсартып, зат алмасу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.


​Корей сұлулары МЫНА ДИЕТАны ұстайды

Корей жұлдыздарының сымбатының сымдай тартылуы бір ғана диетаға байланысты емес. Олар ұстанатын диетаның түрі көп. Бүгін біз осындай диетаның ең маңызды әрі нәтижелісін ұсынбақшымыз.


Диетаның плюс жақтары да, минус жақтары да бар. Ең алдымен жағымды әсеріне тоқталып өтсек.


Корей сұлуларының қалай арықтайтынын білгісі келіп, олар ұстайтын диетаны ұстанғанда, өздерінің де салмағы жеңілдеп, фигурасының шыға бастағанын байқайды екен. Сонымен бірге оның мынадай пайдаларын атап өткен:

  • Зат алмасу жүйесінің жұмысы реттеліп, асқорыту жақсарады. Асқазан мен ішек жолдарындағы ауырлық кетеді;
  • Диетаға көп ақша жұмсамайсыз, күнделікті пайдаланатын азық-түліктер болса болғаны;
  • Диета мәзірінде түрлі азық-түлікті пайдалануға болады. Сонысымен де арықтауды мақсат тұтқан адамның қарнының ашуына немесе көп тамақ жеп қоюына жол бермейді.


Диетаның кері әсерлері


Корей диетасы тым қатал болғандықтан да кез келген ару мұндай қиындыққа төтеп бере алмайды. Сөйтіп диетаны тастап, дұрыс тамақтануды ұмытуы да ғажап емес. Сондай-ақ, диетаның әсерінен бойды әлсіздік билеп, созылмалы ауруларды қоздырады. Ал, мынадай жағдайларда диетаны мүлде ұстамаған дұрыс:

  • Емізулі әрі екіқабат әйелдерге;
  • Ішкі ағзалардың созылмалы ауруларында;
  • Ас қорыту жүйесінде немесе көмірсу алмасуы бұзылысында бұл диетаны ұстау ұсынылмайды.


Диета мәзірі


Таңертең ашқарынға бөлме температурасындағы 1 стақан салқын су ішесіз. Суды ішпес бұрын оған үккіштен өткізілген зімбір мен лимон шырынынан 1 шай қасықтанқосасыз. Мұндай су ішекті оятып, зат алмасудың жылдамдауына ықпал етеді. Осыдан кейін жарты сағаттан соң таңғы ас іше беруге болады.

Таңғы асқа 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен маринадталған брокколи жеу ұсынылады.

Түскі асқа дәмдеуіштер қосылған қайнатылған күріш пен буға піскен балық немесе ет жейсіз. Осындай тағаммен қоса лимон шырыны мен зәйтүн майы қосылған көкөніс салатын жасаған дұрыс.

Бесін асқа 1-2 дана жеміс-жидек жеу керек.

Кешкі ас кезінде балғын көкөністерден дайындалған смузи мен буда піскен сиыр немесе бұзау етін дайындайсыз.

Аталмыш диетаны 1 апта ұстағаннан кейін кешкі асқа қышқыл сүт өнімдерін ішсеңіз де артықтық етпейді. Сүт өнімдері ұйқыны қалыпты етіп, асқорыту жүйесінің жұмысын да жақсарта түседі.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарын мен аяқты АРЫҚТАТАТЫН диета


Арықтау үшін МОТИВАЦИЯ: Мына 6 тәсілді қолданыңыз