Қыста салмақ тастауға көмектесетін ас мәзірі

0
2 833

Қыста диета ұстауды қолға алғыңыз келсе, аса сақтықпен, ас мәзіріне мән бере отырып ұстаған дұрыс. Сонда ғана диета сіздің ағзаңызға кері әсер етпейтін болады.


Қыста салмақ тастауға көмектесетін ас мәзірі

Қыс мезгілінде арықтаймын деп денсаулығыңызға зиян келтіріп алып жүрмеңіз. Себебі, қыста күн суық болатындықтан ас мәзірі жаздағыға қарағанда өзгеше болатыны сөзсіз. Оның үстіне күн салқындаған уақытта бірден калорияны азайтатын болсаңыз, ағзадағы қорғаныш функциялары да өз қызметін баяулатады.

Осындайда тұмауратып немесе басқа да вирустарды жұқтырып алып, денсаулығыңыз нашарлап кетуі мүмкін. Иммунитетіңіз де диетаның әсерінен әлсірейді. Сондықтан да қыста диета ұстауды қолға алғыңыз келсе, аса сақтықпен, ас мәзіріне мән бере отырып ұстаған дұрыс. Сонда ғана диета сіздің ағзаңызға кері әсер етпейтін болады.

Дегенмен күн суықта ұстайтын диеталар мәзірінің түрі көп. Соның ішінде 5 күнге арналған мынадай қарапайым әрі қолжетімді диетаны ұсынып отырмыз.


1-күн

Таңғы ас:

Сұлы жармасынан дайындалған ботқа, жұмыртқа, шөптерден дайындалған шай.

Екінші таңғы ас: Ірімшік қосылған бутерброд.

Түскі ас: тауық сорпасы, винегрет салаты, асқабақ пен сәбіз шырыны.

Бесін ас: Құрма.

Кешкі ас: картоп пен тауық еті қосылған салат, кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу.


2-күн

Таңғы ас:

Жұмыртқадан дайындалған омлет, 1 стақан сүт пен бір тілім нан.

Екінші таңғы ас: майсыз йогурт қосылған алма мен сәбіз салаты.

Түскі ас: бұқтырылған сиыр еті, қырыққабат пен асбұршақтан салат, лимон қосылған көк шай.

Бесін ас: грейпфрут.

Кешкі ас: үндік еті қосылған күріш, айран.


3-күн

Таңғы ас:

Айран мен сұлы жармасынан дайындалған диеталық құймақтар, шөп шай.

Екінші таңғы ас: пеште піскен алма.

Түскі ас: балық сорпасы, картоп езбесі мен алма шырыны.

Бесін ас: майсыз айран.

Кешкі ас: саңырауқұлақ пен картоп тағамы, лимон қосылған көк шай.


4-күн

Таңғы ас:

Мейіз қосылған ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа, пайдалы сусын.

Екінші таңғы ас: апельсин мен 1-2 дана алма.

Түскі ас: майшабақ пен картоп қосылған сорпа, балғын көкөністерден дайындалған салат, шөп шай.

Бесін ас: Ірімшік қосылған бутерброд.

Кешкі ас: сәбізден дайындалған пісірме, қайнатылған жұмыртқа мен жеміс шырыны.


5-күн

Таңғы ас:

Майсыз сүзбе, алмұрт, алма шырыны.

Екінші таңғы ас: майсыз йогурт .

Түскі ас: асқабақ сорпасы, қырыққабаттан дайындалған салат, шөп шай.

Бесін ас: Құрма.

Кешкі ас: Қаймаққа былғанған картоп, тауық еті мен жұмыртқа қосылған салат, көкөніс шырыны.


Асқабақ сорпасын қалай дайындайды?

Қажетті қоспалар:

500 гр. асқабақ

3 тіс сарымсақ

200 гр. сәбіз

1 ас қасық өсімдік майы

Ащы бұрыш

Дәміне қарай тұз, бұрыш, зімбір қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Сәбіздің қабығын аршып, кастрөлге салып қайнатып аламыз. 15 минут қайнатқан жеткілікті.

Асқабақты орташа көлемде турап, өсімдік майына қуырамыз. Қуырылып жатқан асқабаққа езілген сарымсақты қосыңыз. Сосын ащы бұрыш пен зімбірді салып жіберіңіз.

Осы қуырманы енді сәбіз қайнап жатқан кастрөлге салу керек. Жай отта көкөністер піскенше қайнатамыз. Содан соң қаласаңыз сорпаны блендерден өткізіп езбе жасап ішсеңіз де болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ағзаны тазартатын 13 күндік диета


Корей сұлулары МЫНА ДИЕТАны ұстайды