ОҢАЙ АРЫҚТАУ: таңертең салқын душ қабылдаңыз

0
4 087

Диетологтардың пайымынша егер су 16 градустан төмен болатын болса, жауырын мен омыртқа, бүйрек айналасындағы май тіндері белсенді жұмыс істеп, денені қыздыра түседі. Қыздырудың әсерінен артық калориялар жойылып, майлар жиырылады екен.


ОҢАЙ АРЫҚТАУ: таңертең салқын душ қабылдаңыз

Арықтай алмай жүргендерге кеңес айтатындар көп-ақ. Бірі көкөністі көп жеу керек десе, енді бірі фаст-фудтан бас тартыңыз деп жатады. Бірақ зерттеулер басқаша сөйлейді. Ғалымдардың пайымынша арықтаудың қарапайым әдістері де бар екен.

Әрине қанша жыл бойы жинаған артық салмақтан оңай арылу мүмкін емес. Алайда арықтай алмайды екенмін деп қолды бір сілтей салуға болмайды. Сондықтан арықтаудың барлық амалын жасап көрген дұрыс. Ал, төмендегі лайфхактардың бірі сізге міндетті түрде көмектеседі.


ТАҢЕРТЕҢ САЛҚЫН ДУШ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Жылы төсектен тұрған бойда салқын душ қабылдай аласыз ба? Дәл осы әдіс сізге салмақ тастауға көмектеседі.

  • Салқын су сіздің теріңіздегі майлы тіндерді белсенді етіп, метаболизмді жылдамдатады. Осылайша бөксе мен белге жиналатын майлар ыдырай бастайды.
  • Диетологтардың пайымынша егер су 16 градустан төмен болатын болса, жауырын мен омыртқа, бүйрек айналасындағы май тіндері белсенді жұмыс істеп, денені қыздыра түседі. Қыздырудың әсерінен артық калориялар жойылып, майлар жиырылатынын естеріңізге саламыз.
  • Дегенмен жаттығу жасап болғаннан кейін душ қабылдағыңыз келсе, теріңізді басып, дененің салқындағанын күтіңіз. Дене қызып, терлеп тұрған кезде салқын душ қабылдауға болмайды.
  • Мұндай салқын судың пайдасы бірнеше минуттарда-ақ сезіледі. Арықтаймын деп тым салқын душ қабылдап, соңынан ауырып қалып жүрмеңіз. Бәріде мөлшерінен аспағаны дұрыс.

Арықтаудың амалын бұдан әрі күшейту үшін...

  • Салқын душ қабылдау кезінде мочалкамен немесе массажермен денеңізді ысқылаңыз. Әсіресе терінің зақымданған жерлеріне көбірек массаж жасаңыз. Душтан шыққан соң целлюлитке қарсы крем жағып, массаж жасап қойыңыз.
  • Сонымен қатар, душ қабылдау барысында суды барынша қатты ағызып, яғни, судың арынын күшейтіп, душты денеңізге 10-15 см арақашықтықта ұстап, сумен массаж жасасаңыз да болады.


ТАМАҚТАНУ КЕЗІНДЕ КӨҢІЛДІ БАСҚА ЖАҚҚА БҰРМАҢЫЗ

Жұмыс уақытында асығыс тамақтана салуға болмайды. Бұл сіздің фигураңызға өте зиянды.

Дәл осылай теледидар қарап отырғанда, кітап оқығанда немесе басқа іспен айналысып жатқанда тамақтанбаңыз. Өйткені мұндай кезде қарныңыздың тойғанын білмей, артық тамақ жеп қоюыңыз әбден мүмкін. Тіпті, жұмысыңыз қарбалас боп жатса да түскі асқа көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, тамақты жұтудан бұрын оның толықтай шайналғанына мән беріңіз. Тағамдыауыз қуысында кем дегенде 30 рет шайнаған дұрыс.


КӨЗІҢІЗГЕ МАСКА ТАҒЫП ҰЙЫҚТАҢЫЗ


Арықтағысы келетіндер үшін 7-8 сағаттық тыныш ұйқы өте маңызды. Егер ұйқы тыныш болмаса немесе ұйқыңыз қанбаса бойыңызды әлсіздік билеп, тамаққа тәбетіңіз тартып тұратыны анық. Осындай сәтте дастарханда не тұрса соны жей беруіңіз де ғажап емес.

Арықтау үшін қанша сағат ұйықтағаныңыз ғана емес, оның сапасы да рөл ойнайды. Ұйқы сапалы болу үшін жатын бөлмені қараңғылаңыз, көзіңізге маска киіп алыңыз. Қараңғыда ұйықтағанның пайдасы зор. Ұйықтар алдында теледидарды сөндіріп, ұялы телефоныңызды алысырақ қойыңыз.

Ғалымдар жарық бөлмеде ұйықтайтындар қараңғыда ұйықтайтындарға қарағанда 50 пайыз май басуға шалдығады екен. Сондықтан да ғалымдардың зерттеуіне құлақ асқан жөн.


ДИЕТАЛЫҚ СУСЫНДАР ІШПЕҢІЗ

Арықтаймын деп көп қыз-келіншектер күнделікті ішіп жүрген шай-суынан бас тартып, диеталық сусындарды дайындап ішеді. Бірақ зерттеулерге сүйенер болсақ, осылай әрекет еткендердің қарны тез ашып, тәттіге құмарлық артады. Себебі мұндай сусындардың құрамындағы тәттілер сіздің тәбетіңізді бірден ашады. Мұндай сусындардың орнына диетологар қантсыз зімбір шайын ішуге кеңес береді. Зімбір шайы қарынды ұзақ уақыт тоқ қылып, зат алмасуды жылдамдата түседі.

Осы айтылғандарды орындайтын болсаңыз, сіз міндетті түрде арықтайсыз. Тәбетіңіз де өз-өзінен басылатынына сеніңіз.

ДАЙЫНДАҒАН: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ет жемесеңіз ағзаңызда қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?


40+: ЦЕЛЛЮЛИТТЕН құтылудың МЫҚТЫ ТӨРТ ӘДІСІ бар