Фигураның әдемі қалыпта сақталуының сыры бар. Бұны сымбатты жандардың көбі сұлы дәнімен байланыстырады. Қазіргі уақытта да сұлы дәнімен арықтау сәннен қалмағаны белгілі. Әлеуметтік желінің қайсысын ашып қарасаң да сұлы қайнатпасымен арықтау жайлы мәлімет кездесіп жатады. Ендеше оқырманға түсінікті болу үшін, сұлымен арықтау жайлы біраз мағлұмат беріп көрейік.
Кішкентай сұлы дәндерінде организмге пайдалы тиамин, рибофлавин, никотин, аскорбин қышқылы, биотин, пирдоксин, ретинооид, фолий қышқылы және де макроэлементтер бар. Сұлының ең ерекше қасиеті – сұлы сумен араласқан кезде асқазан мен ішектерді консерванттардың зиянды әсерінен қорғайтын шырыш пайда болады. Осындай ерекше қасиетінің арқасында ағзадағы токсиндерді шығарып, қандағы қант та азая бастайды екен.
Сұлының құрамында бұдан бөлек ағзадағы артық сұйықтықты тартып алатын жасұнық бар. Сұлы қайнатпасын ішкеннен кейін ағза барлық дәруменді алып, зас алмасу жүйесінің жұмысы да жақсара түседі. Сонымен дұрыс тамақтанбаудың әсерінен қан тамырларында май тамшылары пайда болатын көрінеді. Ал сұлы дәніндегі пайдалы заттар қан тамырларын нығайтып, қалыпты жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді. Осындай қасиеттері үшін де сұлы қайнатпасын ішуге кеңес береміз.
Сұлы дәнінің пайдасы бұрыннан белгілі болғанындай әлі де қолданысқа ие екені белгілі. Өйткені сұлы өте пайдалы дәнді-жақылдардың қатарында. Тіпті, сұлыдан дәрі де жасалады.
Сұлыны үнемі пайдалану адамның иммунитетін көтеріп, мезгілдік вирустардан қорғайды. Шлактар мен токсиндерден тазарғаннан кейін ағзаға ешқандай қауіп төнбейді. Қатерлі аурулардың алдын алудың ең қарапайым тәсілі деуге болады.
Сұлы қайнатпасын кімге ішуге болмайды?
Басқа кез-келген азық-түліктер секілді сұлының да адам ағзасына жағымсыз әсерлері бар екен. Мысалы:
- Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыр асқазан жарасына шалдыққандарға;
- Сұлының құрамындағы компонеттердің жағымсыз әсерлерін байқағанда;
- Гастритке шалдыққанда;
- Отадан кейінгі кезеңде;
- Өт қабына және бүйрекке тас байланғанда;
- Жүрек айну, құсу болған жағдайда да сұлы қайнатпасын ішудің қажеті жоқ.
Сұлы қайнатпасын қалай дайындайды?
Бүгінгі күні арықтауға септігін тигізетін көптеген препараттар бар. Олардың шынымыен де артық салмақтан арылтатын-арылтпайтынын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен, мұндай дәрілерге күмәнмен қарайтын болсаңыз, табиғи өнімдерді пайдаланып семіздіктен арылуға болатынын айтқымыз келеді. Егер түсінікті болса, сұлы қайнатпасын дайындау тәсіліне көшсек.
1-тәсіл
1 сатақан сұлы жармасына жылы сүт құйып, 15 минут бетін жауып қойып қоясыз. Содан соң блендерге салып, сүт жасайсыз. Дайын болған коктейльді күніне 2 рет, таңертең ашқарынға және ұйқыға жатарда ішу керек.
2-тәсіл
Ең алдымен қайнатпаны дайындап аласыз. Ол үшін 1 стақан сұлы дәніне 1 литр қайнаған су құйып, 12 сағат тұндырып қою керек. Түнгі уақытта дайындайтын болсаңыз, таңертеңге дейін тұрғаны дұрыс. Сосын сұлыны сүзіп алып, блдендерден өткізесіз. Сонда қоймалжың сұлы сүті пайда болады. Осы сүтті қайтадан өзі қайнаған суға қосып, отқа қойыңыз. Бір қайнатып жіберіп, іше беруге болады. Қайнатпаны суытып, тоңазытқышта сақтаңыз. Ал арықтауға арналған сұлы қайнатпасын күніне 3 рет әр тамақтанудың алдында қабылдайсыз.
Арықтауды мақсат тұтсаңыз, сұлы қайнатпасын жасап, 3-4 апта сынақтан өткізіп көруіңізге болады. Бұл сұйықтықтың ағзаға пайдасы болмаса айтарлықтай зияны жоқ. Тек қана жоғарыда айтып өткендей денсаулығыңызда кінәрат болмаса болғаны, тұнбаны қабылдаған керісінше денсаулыққа өте пайдалы.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: