Трендке айналған бидің көмегімен көптеген дерттің алдын алуға болады
фото: meleon.ru
Би, билеу кез келгеннің сүйікті ісі десек қателеспейтін шығармыз. Себебі музыканы естіген кезде дене еріксіз қимылдай бастайды. Билеу – көңіл-күйді көтереді. Оған қоса, денсаулыққа да пайдалы екен. Әсіресе, бүгінде тренд болған заманауи билерді билеу арқылы көптеген дерттің алдын алуға болады екен. Нақтырақ айтқанда:
Хип-хоп
Ерекшелігі: бүкіл тірек-қозғалыс жүйесіне әсер етеді, денені бір қалыпты ұстауға ықпал етеді. Медицина мамандары хип-хоптың белсенділік пен бұлшықет жұмысын жақсартатын ең пайдалы би екенін айтқан болатын. Өйткені би кезінде дененің 57 пайызы қозғалады екен.
Негізгі артықшылықтар: би кезінде аяғыңызға балеттің аяқ киімін, биік өкше кимейсіз немесе жалаң аяқ жүрмейсіз. Кез келген жерде кроссовкамен билеуге болады. Бұл әлсіз бұлшықеттер мен сіңірдің саулығына кері әсер етпейді.
Зумба
Ерекшелігі: барлық бұлшықет топтары үшін тамаша кардио жаттығу. Латын Америкасы әуенімен сай келетін нағыз фитнес деуге болады. Билеу барысында сальса, самба биінің қимылдарын қайталайсыз. Музыка қосылғанда шетте қарап тұру мүмкін емес.
Негізгі артықшылықтары: би кезінде жамбас шынығады. «Зумба-фитнестің» керемет нәтижесін екі аптадан кейін байқайсыз. Ол үшін тұрақты билеу керек екенін ескеріңіз.
фото: sportishka.com
Боди-балет
Ерекшелігі: мүсініңізді жақсартады, терінің созылуын реттейді, дененің қозғалысын ынталандырады. Аяқ пен арқа бұлшықеттерін нығайтады. Билеу кезінде гантель қолданасыз. Оны орындықпен немесе жәшікпен алмастыруға болады. Боди-балетті билеу арқылы түрлі жаттығу жасап жүргеніңізді байқайсыз.
Негізгі артықшылықтары: Жаттығу аяқтың әдемі қалпын сақтайды. Әдемі әрі көркем жүріске икемдейді.
Сальса
Ерекшелігі: Артық күшті қажет етпейтін би. Билеу барысында дененің төменгі бөлігі жаттығады. Кез келген басқа жұптық би сияқты, сальса тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар жақсы қарым-қатынас жасау, әсерлі әңгімелесу, серіктеспен бір толқында тербелу сезімін сыйлайды.
Негізгі артықшылықтары: бидегі қозғалыстар өте қарқынды. Әртүрлі қадамдар тізбегін орындау кезінде бөксе бұлшықеттері, жамбас бұлшықеттері, жамбас және балтырдың бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді.
Бачата
Ерекшелігі: Дененің икемділігін дамытады, аяқ буындарын жаттықтырады. Жұптық билеу кезінде өзіңізге деген сенімділік артып, көпшілік алдында еркін болуға септігін тигізеді.
Негізгі артықшылықтары: би элементтері бөксе бұлшықеттері мен жамбасқа үлкен жүктеме береді. Нәтижесінде тобық, тізе, жамбас буындарын жақсы нығайтады.
Contemporary
Ерекшелігі: би кезінде дене созылу жаттығуларын жасайды. Оған қоса аяқтың бұлшықеттері шынығады. Би дененің тыныс алуын, дауысты, энергияны бір арнаға тоғыстырып, бірдей деңгейде шығуына ықпал етеді. Қимыл барысында классикалық биді де, заманауи джазды да билейсіз. Contemporary биін жалаң аяқ билейсіз.
Бұл заманауи бидің қайсысын таңдасаңыз да денсаулығыңыз үшін пайдалы екенін білдіңіз. Ендеше, біреуін таңдап, мүсініңізді мінсіз, саулығыңызды мықты етуге асығыңыз.
Дереккөз: kp.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Аяғыңызды КӨТЕРІП жатсаңыз НЕ болатынын білесіз бе?