​БЕТІҢІЗГЕ гимнастика жасасаңыз НЕ болатынын білесіз бе?

0
2 289

5-10 минут уақытты арнаңыз


​БЕТІҢІЗГЕ гимнастика жасасаңыз НЕ болатынын білесіз бе?

фото: seminar-beauty.ru

Бүгінгі таңда беттегі әжімдерді тегістеу үшін түрлі тәсілді жасап жүрген нәзікжандылар бар. Бірі теріні тарту үшін инъекция салдырса, екіншісі қымбат косметикалық процедураларға жүгінеді. Кейбірі пластикалық хирургияны да жасатады. Бірақ бұл таңдаудың қай-қайсысы болса да уақытша екенін біліңіз. Егер жыл өткен сайын жасарғыңыз келсе, онда бетіңізге гимнастика жасаңыз. Нәтижесін аз уақыттың ішінде аңғарасыз әрі көзтартатын сұлулыққа ие боласыз.


Бет гимнастикасы дегеніміз не?

Алдымен соны біліп алайық. Фейсфитнес – бұл терінің жастығы мен серпімділігін сақтауға көмектесетін бет бұлшықеттеріне арналған жаттығулар жиынтығы. Оны орындау арқылы сіз беттің сопақшасын қатайтасыз, иек сызығын қалпына келтіресіз, мұрын мен ерін айналасындағы әжімдерді тегістей аласыз. Мұндай гимнастиканың қарсы көрсетілімдері жоқ және оны жүзеге асыру бірнеше минутты алады. Жаттығуды бастамас бұрын тониктің көмегімен қолыңыз бен бетіңізді тазалауыңыз керек. Жаттығу кезінде теріде қыртыстардың пайда болмауын мұқият қадағалағаныңыз жөн. Егер сіз жалқаулыққа салынбай, күніне 5-10 минутыңызды фитнес жасауға арнасаңыз, 2-3 айда керемет нәтиже сізді таңғалдырады.


Бетке арналған жаттығулар жиынтығы

1-жаттығу

Басыңызды қозғалтпай, оң көзіңізді сағат тілімен 5 рет айналдырыңыз. Сосын көзіңізді оңнан солға, содан кейін диагональ бойынша бес рет жылжытыңыз. Көзіңізді барынша бадырайтып ашып-жұмыңыз. Жаттығуды 30-ға дейін санап жалғастырасыз. Сонан соң жаттығуды сол көзіңізбен қайталаңыз.


2-жаттығу

Терінің серпімділігін жақсартады. Ол үшін балықтың бетін жасаңыз (бетіңізді аузыңызға тартыңыз және осы күйде 20 секунд ұстаңыз, содан кейін бетіңізді босаңсытыңыз). Жаттығуды 10 рет қайталау керек.

фото: modnaya.org


3-жаттығу

Қос иектен арылтады. Жаттығуды кішкентай доппен жасау керек. Ол үшін допты иегіңізбен ұстап, аузыңыздың бұрыштарына жылжытасыз. 5 секунд бойы жасаған жаттығу иек пен мойын бұлшықеттерінің кернеуін сездіреді. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

4-жаттығу

Қастың айналасындағы әжімді кетіру үшін маңдайыңызды жиырыңыз. 10-ға дейін санаңыз, содан кейін оны босаңсытыңыз. Қастарыңызды мүмкіндігінше жоғары көтеріңіз, көзіңізді бадырайтып ашыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

Бұл ұсынылған жаттығуды жасау үшін ең бастысы – еңбекқорлық пен жүйелілік керек. Күніне 5-10 минут айна алдында жаттығудың пайдасы ұшан-теңіз, нәтижесі тамаша, сұлулық сыйлайтыны сөзсіз.


Әлем жұлдыздарының сұлулығының құпиясын білесіз бе?

Гвинет Пэлтроу

45 жастағы америкалық актриса сұлулығының мінсіз болуына күнделікті жасайтын бет фитнесінің арқасы дейді. Осы жаттығуды жасау арқылы әжіммен күреседі екен. Оның сүйікті жаттығуы – тілін мүмкіндігінше ұзағырақ шығарып, көздерін бадырайту екен. жаттығуды 30 секунд жасау арқылы сұлулық әлемінің ханшайымы аталып жүр. Оған қоса, сүтке малынған дәкені немесе салқындатылған қасықтарды қабағына қойып, көз айналасындағы ісінуді басатын көрінеді.

Дженнифер Энистон

Актриса сұлулық инъекцияларын «тайғақ жол», ал оларға жүгінген жұлдыздар көп ұзамай «болашағын жоғалтады» деп санайды. Сондықтан Дженнифер дұрыс тамақтану мен спортты таңдайды. Ол оянған кезде көзінің айналасындағы тесіктерді кішірейту үшін бетін суық су мен мұз текшелері толтырылған раковинаға батырады екен. Тері күтіміне 30 минут арнайды, оның 10 минутанда бетіне массаж жасайды екен. Сосын бетіне А және Е дәрумендері бар крем, көзінің астына вазелин жағады.

Дженнифер Лопес

Бұл актриса жастығымен және балғындығымен таң қалдыратын бет гимнастикасына күніне 15 минут уақытын аямайды. Ол көбінесе йогурт, көк шай және балдан жасалған маскаларды пайдаланады. Үнемі косметологқа барып, 10 сағат ұйықтап, дұрыс тамақтанады. «Мен ішімдік, кофе ішпеймін, темекі шекпеймін. Бұл әдеттер теріміздің күйіне теріс әсер етіп, әжімдерді және күңгірт өңді тудырады», - дейді Дженнифер Лопес.


Бұл жұлдыздардың да бет күтімі үшін қолданатын әдісі қарапайым ғана. Тек уақыт пен табандылықты қажет етеді. Сіз де ұсынылған жаттығуды жасап көріңіз. Тегіс, жылтыр, сұлу тері иесі болу сіздің де қолыңыздан келеді.


Дереккөз: elle.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЯҒЫҢЫЗ ауырса, БИЛЕҢІЗ


ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ арналған ФИТНЕС