Денсаулыққа көптеген пайдалы әсерлер береді.
Сурет: sportindoor.ru
Джампинг – батутта секіруге негізделген фитнестің жаңа бағыты. Ол тек көңіл көтеріп қана қоймай, бүкіл денеге кешенді жүктеме беретін тиімді спорт түрі болып табылады.
Денсаулыққа көптеген пайдалы әсерлер береді.
1. Жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады. Батутта секіру – аэробтық жаттығу. Ол кардиожаттығу ретінде жүрек соғу жиілігін арттырып, қан айналымын жақсартады.
2. Бұлшықеттерді күшейтеді. Әсіресе аяқ, арқа, қол және іш бұлшықеттерін белсендіреді.
3. Координация мен тепе-теңдікті жақсартады. Джампинг мидың тепе-теңдік пен қозғалысты үйлестіру қабілетін дамытады, дененің қозғалыс дәлдігін арттырады.
4. Салмақ тастауға көмектеседі. Бір сағаттық жаттығу шамамен 300-ден 500 калорияға дейін жағуға мүмкіндік береді.
5. Стресті төмендетеді. Секіру кезінде эндорфиндер бөлініп, көңіл күйді көтереді.
6. Сүйектерді нығайтады. Джампинг сүйек тығыздығын арттыруға көмектеседі, бұл остеопороздың алдын алады. Бірақ буындарға артық салмақ түсірмейді.
7. Көңіл күйді жақсартады – эндорфиндер бөлініп, стресс деңгейі төмендейді.
8. Иммунитетті күшейтеді. Лимфа жүйесін белсендіріп, ағзаны токсиндерден тазартуға ықпал етеді.
Джампинг фитнесінің ерекшеліктері
- Арнайы шағын батуттар қолданылады
- Қозғалыстар қарқынды және ырғақты болады
- Жаттығулар әртүрлі қарқынмен орындалады (кардио, күштік, икемділікке бағытталған)
- Әуенмен орындалатындықтан, жаттығу көңілді өтеді.
Қарсы көрсетілімдер:
- Жүрек-қан тамыр аурулары (гипертония, аритмия)
- Буын және омыртқа ауруларының ауыр түрлері
- Жүктілік немесе жақында өткен операциялар
- Вестибулярлық аппараттың әлсіздігі.
Джампинг – денсаулықты нығайтып, салмақ тастауға көмектесетін тиімді әрі көңілді фитнес түрі. Бірақ жаттығуды бастамас бұрын дәрігерге көрініп, нұсқаушының кеңесін алған дұрыс. Батутта секіру алдында жаттығу жасау, секіру кезінде дұрыс техника мен қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
Аударған: А. Бектұрғанова,