ЙОГА ЖАТТЫҒУЫ немесе қазақтың МАЛДАС ҚҰРУЫНЫҢ қандай пайдасы бар?

0
1 224

Күніне 2-3 рет жасасаңыз, көптеген аурудың алдын алуға болады


ЙОГА ЖАТТЫҒУЫ немесе қазақтың МАЛДАС ҚҰРУЫНЫҢ қандай пайдасы бар?

Дәл осы отырыс йога әлемінде «Мула бандха» деп аталады. Тікелей аудармасы – төменгі құлып, түбірді жабу деген мағынаға саяды. Бұл жаттығу кезінде тегіс, қатты жерге отыру керек. Тізені ашайта бүгіп, аяғын айқастыра астына алып, арқаны тік ұстап, екі қолды екі тізеге қояды. Осы қалыпты бірнеше минут бойы ұстау керек.


«Кәдімгі қазақтың малдас құруы ғой...» Осыны сіз де ойлап үлгердіңіз ғой, иә?

Расында да, ата-бабаларымыз ежелден малдас құруды ер адамның дұрыс отыру тәсілі деп санаған. Ал бүгінгі зерттеушілер бұлай отыру ер адамдарға ғана емес, әйелдерге де пайдалы әрі қажет деп санайды.


Қандай пайдасы бар?

  • Заманауи ғалымдар мула бандха йога терапиясын жасау немесе малдас құрып отыру қан айналымын жақсартып, аяқ қан тамырларының жұмысына оң әсер етеді дейді. Бүгінде кең таралған қан қысымы, жүрек ауруы сынды дерттердің алдын алады.
  • Сондай-ақ малдас құрып отырған кезде адамның аяқ бұлшықеттері көп энергия алады. Содан ағзадағы май энергияға айналып, семіздік болмайды. Сондықтан кеңседе, орындықта көп отыратын жандар күнделікті ара-тұра малдас құрып отырса болады.
  • Әсіресе тамақ ішкенде еденде малдас құрып отырған жақсы. Бұл асқорыту жүйесіне қолайлы. Неге десеңіз, адам малдас құрып отырғанда бірнеше рет еңкейіп-тіктелуіне тура келеді. Осы арқылы құрсақ аумағы бұлшықеттері қозғалысқа түседі де, тағамның асқазан сөлімен араласуы, оның асқазан мен ішекте қозғалуы жақсарады.
  • Малдас құрып отыру тізе, беломыртқа, сегізкөз, құйымшақ, сан, омыртқа, иық, кеуде қуысы аумақтарындағы бұлшықет жұмысын жақсартады. Осы арқылы дене иілімді болады. Остеохондроз, люмбалгия, омыртқа жарығы секілді аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, ауырсыну сезімін бәсеңдетіп, қысылып қалған жүйке талшықтарын босаңсытады.
  • Мула бандха жаттығуын жасағанда немесе малдас құрып отырғанда бойды барынша босаңсыту керек. Ағзамыз босаңсып, тыныс алған кезде сәйкесінше ішкі мүшелеріміз де босаңсиды. Сол арқылы артық ойдың бәрінен арылып, дене мен ми тынышталады. Мидың барлық бөліктеріне, жұлын мен мойынға керемет әсері бар.
  • Әйелдер мула бандха жаттығуын жасағанда кіші жамбас қуысындағы бұлшықеттер шынығып, қуық қызметі, жыныс мүшелерінің қанайналымы жақсарады. Осылайша, зәрді ұстай алмау, жатырдың төмен түсуі сынды мәселелер өздігінен шешіледі.
  • Ер адамдарда да малдас құрып отырудың әсерінен кіші жамбас қуысындағы бұлшықеттер шынығады, жыныс мүшелерінің қанайналымы жақсарады. Эректильді дисфункция мәселесі артта қалып, эрекциясы қалпына келеді.

Ал йога мамандары мула бандханың ағзаға тигізер пайдасын өз тілінде былай сипаттайды. Мула-бандха асана үшін сенімді негіз жасайды, денені жеңіл және қозғалмалы етеді. Сондай-ақ, бүкіл денеге тарала отырып энергетикалық тазартуды жүзеге асыратын апана энергиясының ағынын басқарады.


Қалай жасалады?

Жай ғана малдас құрып отырудың белгілі бір деңгейде пайдасы тиер. Алайда оны мула бандха деп аталатын йога терапиясына айналдыру арқылы әсерін бірнеше есеге арттыра аласыз.

  • Еденге отырыңыз. Жай ғана аяқты айқастырып, малдас құрып отыруға болады. Немесе, әсері күштірек болу үшін «сиддхасана» деп аталатын қиынырақ позаны қолданып көріңіз. Бір аяқты тізеде бүгіп, өкшені шап үстіне қойыңыз. Содан кейін екіншісін бүгіп, табанын жоғары қарата отырып, бірінші аяқтың жіліншігіне қойыңыз. Саусақтарыңызды жіліншік пен жамбастың арасындағы кеңістікке жіберіңіз. Арқаны тік ұстап, алақанды жоғары қарата екі қолды тізе үстіне қоясыз. Бастапқыда осылай отыру қиындық тудырса, көрпеше төсеп отыруға болады.
  • Терең тыныс алу барысында жамбас қуысы бұлшықеттерін жиыра қысып, жоғары қарай көтеріңіз. Демді де, бұлшықеттерді де осы қалыпта шамаңыз келгенше ұстап тұра тұрыңыз. Бастапқыда 3-5 секунд болар, уақыт өте келе 8-10 секундқа дейін ұстай алатын боласыз.
  • Демді шығарып, сонымен бірге бұлшықеттерді де босатыңыз. 4-5 секунд тынығып алған соң жаттығуды қайталаңыз. Осылайша 8-10 айналып жасау керек.

Егер бұлшықеттерді сезінюесеңіз, оларды жиыра да алмайсыз. Бұл жағдайда өзіңізді кіші дәрет қыстап тұр деп елестетіңіз. Оны жібермей ұстап тұруыңыз керек. Қай бұлшықетті қалай қысасыз? Жасап көріңіз. Жаттығу барысында дәл осы бұлшықеттер қозғалысқа келеді.


Кімдерге жасауға болмайды?

  • Босану не ота кезінде болған жамбас қуысы бұлшықеттерінің жарақаты (толық емделгеннен кейін ғана жасауға болады).
  • Жаттығуды жақсы жасау барысында жамбас қуысы бұлшықеттерін жақсы сезінбесеңіз, жасауға болмайды. Оның орнына құрсақ, іш, бөксе немесе жамбас бұлшықеттерін қатайтып, өзіңізге зиян жасап алуыңыз мүмкін. Нақты керек бұлшықетпен жұмыс жасауды үйрену үшін арнайы тренер көмегіне жүгініңіз. Уролог немесе гинеколог дәрігер де көмектесе алуы мүмкін.
  • Жамбас бұлшықеттерінің спазмы салдарынан ауырсынуды сезінген кезде жасауға тыйым салынад.;

Мула бандха жаттығуын күніне 2-3 рет немесе одан да көп жасасаңыз, көптеген аурудың алдын алуға болады.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«ӨЛІ ҚОҢЫЗ» жаттығуы: атауы біртүрлі болғанмен, пайдасы мың түрлі