​Көңіл-күйді көтеретін 5 жаттығу

0
3 408

Көңіл-күйіңіз түскен кезде уайымыңызды бөлісу үшін біреуге қоңырау соқпаңыз, жаныңыздағы әріптесіңіздің мазасын алмаңыз, анаңызға айтып алаңдатпаңыз, жай ғана орныңыздан тұрып жаттығу жасаңыз.


​Көңіл-күйді көтеретін 5 жаттығу

фото: sportishka.com

Таңертең ұйқыдан әрең тұрасыз ба? Өзіңізді әлсіз сезініп, көңіл-күйіңіз болмайды ма? Ештеңеге зауқыңыз соқпай, қайтадан төсекке құлай кеткіңіз келе ме? Олай болса, біз шешімін айтамыз.

Ұйқыдан тұрған бойда жаттығу жасауға кірісіңіз. Тіпті қол-бетіңізді, тісіңізді жумасаңыз да болады. Алдымен жаттығу жасап алыңыз. Сонда көңіл-күйіңіз көтеріліп, жұмысқа белсенділігіңіз артып, өзіңізді сергек сезінесіз.

Жаттығудан соң салқын душқа түсуге кеңес береміз. Бұл да пайдалы әрі ем болады.


Жаттығу жасаудың көңіл-күйге әсері қандай?

Иә, бұл кезкелгеніңіздің көкейіңіздегі сұрақ болса керек. Физикалық белсенділік – біздің ағзамыздағы эндорфиндерді өндіреді. Ал бұл зат ағзамызға күш-қуат, сергектік сыйлап, қуаныш деңгейін арттыруға көмектеседі. Сондықтан да көңіл-күйіңіз түскен кезде уайымыңызды бөлісу үшін біреуге қоңырау соқпаңыз, жаныңыздағы әріптесіңіздің мазасын алмаңыз, анаңызға айтып алаңдатпаңыз, жай ғана орныңыздан тұрып жаттығу жасаңыз.

Жаттығу жасау барысында дұрыс тыныс алуды үйренеміз. Тыныс алу – біздің денеміздегі ең маңызды процесс. Оттегі адам өмірінің барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмыс істеуі үшін қажет. Жалпы, біз инстинктивтік деңгейде қалай дұрыс тыныс алу керектігін білеміз, бірақ уақыт өте келе әртүрлі жағдайлардың әсерінен тыныс алу жұмысында өзгерістер пайда болады. Сондықтан да тыныс алу жаттығуларын жасауға әдеттенуіміз керек. Оны орындау барысында біз күш пен жақсы көңіл-күйді сезінеміз, сонымен қатар денемізді жақсы күйде сақтаймыз. Қайсы жаттығуды бастаудан алдын, міндетті түрде тыныс алу жаттығуын жасағаныңыз жөн. Сонда бәрі сәтті болады.

фото: fonstola.ru

Енді көңіл-күйді көтеретін мына 5 жаттығумен танысыңыз

Жүріңіз

Орныңыздан тұра салысымен ерсілі-қарсылы жүрмейсіз. Аяғыңыздың ұшымен өте баяу жүріңіз. Көзіңізді аздап жұмсаңыз да болады. Жүру кезінде еркін сезініңіз. Бейне бір ұшып кетердей сезімде болсаңыз, жаттығудың нәтиже бергені деп біліңіз. Жүру кезінде бойыңыздағы барлық негативті жер қойнына өткізіп жатқан боласыз. Жаттығу кезінде аяқ киім киюдің қажеті жоқ. тіпті, шұлық та кимей-ақ қойыңыз. Аяғыңыздың ұшымен тұрған бойда қолыңызды жоғары көтеріп айналыңыз.


Секіріңіз

Бұл жаттығуды балабақшада жүргенде талай жасадық. Бала күнімізді есімізге түсіреміз. Орнымыздан тік тұрып, аяғымызды біріктіреміз. Тіземізді шамалы бүгіп, қолды бүйірге қоямыз. Сөйтіп секіреміз. Бұны бір орында тұрып секіру дейді. Сосын аяғымызды алшақ ашып, қолымызды жоғары көтереміз. Әр секірген кезде қолдарымызбен шапалақ соғамыз.

Жаттығуды 15-20 рет қайталасаңыз, ағзаңыздың қан айналымы жақсарып, көңіл-күйіңіз көтеріледі.


Супермен болыңыз

Супербатырлар ешқашан еңкеймейді, айналасына жалтақ-жалтақ қарамайды. Олар әрқашан өзіне сенімді болып тік жүреді. Кезекті жаттығуда біз суперқаһарман боламыз. Тік тұрыңыз. Арқаңыз бен көкірегіңізді тіке ұстаңыз. Қолыңызды белге қоясыз. Енді шабыттандыратын немесе сергітетін ән қосып, қимылдаңыз.


Қуаныңыз

Лотереядан құнды зат ұтып алғандай қолыңызды жоғары көтеріңіз. Ешқашан салбырап тұруына жол бермеңіз. Мұны еш себепсіз жасау біртүрлі болуы мүмкін, сондықтан себеп табыңыз.

Ойыңызға ештеме келмесе, деніңіздің сау екенін, достарыңыз бен отбасыңыздың жанында екенін, жақсы көретін жұмысыңыздың бар екенін, әр күніңізде бақытты екеніңізді есіңізге салып, қуаныңыз. Қуану үшін мол байлыққа кенелу, сәнді киім сатып алу, бағалы затқа қол жеткізу маңызды емес. Жай ғана қуаныңыз.


Күлімсіреңіз

Тап сол жерде тұрып күліңіз. Ми автоматты түрде сізде бұған себеп бар деп ойлай бастайды және денеге тиісті белгі береді. Бірнеше минуттан кейін сіз өзіңізді шынымен жақсы сезінетініңізді түсінесіз.

Қарсы алдыңызда келе жатқан адаммен жымиып амандасыңыз, біреу сұрақ қойса күлімсіреп жауап беріңіз. Бұл әдіс сіздің де, өзгенің де көңіл-күйін көтереді.

Бұл әдіске жаттықсаңыз, бір ай өтпей-ақ қаншама жылдарға жасарғаныңызды сезінесіз. Күніне кем дегенде 10 минут жаяу жүруге әдеттеніңіз. Әсіресе, таңғы, түскі, кешкі тамақтан соң жаяу жүру – денсаулыққа да, көңіл-күйге де керемет әсер береді.


Дереккөз: prostress.by


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БЕТІҢІЗГЕ гимнастика жасасаңыз НЕ болатынын білесіз бе?


ОТЫРЫП жұмыс істейтіндерге арналған ОП-ОҢАЙ жаттығу