Кімге жасауға болмайды?
фото: korrektsiya-zreniya.ru
Көздің көруін жақсартуға арналған жаттығулар офтальмологиялық аурулардың дамуын болдырмауға көмектеседі. Дұрыс таңдалған жаттығудың көмегімен аурудың дамуы баяулайды және бұлшықеттер босаңсиды.
Көру қабілетінің бұзылуының негіз болатын себептер:
Көру өткірлігінің төмендеуінің себептері екі топқа бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болған. Офтальмологиялық аурулармен ауыратын науқастар көзілдірік немесе контактілі линзалар арқылы көруін түзетуге мәжбүр. Көз патологиялары адамның өмір сапасына әсер етеді және оның кәсіби қызметін шектейді. Оған қоса:
- Көзге салмақ түсу;
- Шырышты қабаттарда ылғалдың жетіспеушілігі;
- Тіндерде қан айналымының бұзылуы;
- Жасқа байланысты өзгерістер;
- Ұйқының дұрыс болмауы;
- Ағзаның түрлі ауруға шалдығуы;
- Бас немесе көз жарақаттары көздің көруінің нашарлауына ықпал етеді.
Сонымен қатар гаджеттерді тұрақты және шектеусіз пайдалану да көздің көруін нашарлатады. Сондықтан үзіліс жасап, көзіңізді демалдыру керек. Көру қабілетінің төмендеуінің алғашқы белгілері:
- бас ауруы;
- бұлыңғыр көру;
- көздегі жайсыздықтар. Егер осы белгілердің бірі пайда болса, офтальмологпен кеңесу керек. Көз дәрігері ауруды неғұрлым тез анықтаса, оның толық емделу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
фото: gb5kirov.ru
Жаттығудың қандай пайдасы бар?
Көзге арналған гимнастика бұлшықет тонусын қалпына келтіруге көмектеседі және офтальмологиялық аурулардың дамуына жол бермейді. Көру жаттығуларын үнемі орындау көру аппаратының жағдайын жақсартады және көру өткірлігін тұрақтандырады. Сондай-ақ:
- Тіндердің оттегімен қанықтырады;
- Шаршауды басады;
- Көз бұлшықеттерін күшейтеді;
- Жасушалардағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
- Ісінуді азайтады.
Жаттығу көруді бір деңгейде сақтауға көмектеседі.
Кімге жасауға болмайды?
Көзді жаттықтыру – бұлшық еттерді босаңсуға және көру өткірлігін арттыруға көмектесетін ең қауіпсіз және ең қолжетімді әдіс. Десе де, жаттығуды кейбір адамдарға жасауға болмайды. Нақтырақ айтқанда:
- Көздің ішкі тор қабығы қабаттанғандар жаттығу жасаса, көздің қан ағымы нашарлап, тордың жыртылуын тудыруы мүмкін;
- Көздің қабынуы және жұқпалы аурулар кезінде ауырсыну күшеюі мүмкін;
- Ота жасаған соң жаттығу жасауға болмайды.
Көзге арналған жаттығулардың түрлері
Көздің көруін жақсарту үшін үнемі көз жаттығуларын жасау керек. Дұрыс таңдалған гимнастикалық кешен оптикалық жүйенің күйін тұрақтандыруға және көру өткірлігінің төмендеуіне жол бермейді.
Таңдалған техникаға қарамастан, көз жаттығуларын күнделікті орындау керек. Әсерді күшейту үшін жаттығуларды бір уақытта орындаңыз. Жаттығуды сырттан келетін шудан алаңдатпайтын тыныш жерде өткізген дұрыс.
Әрбір жаттығудан кейін көзіңізді бірнеше секундқа жұмып, демалуға мүмкіндік беру керек екенін есте ұстаған жөн.
Екі минут ішінде тез және жиі, бірақ қабақтарыңызды қыспастан, жыпылықтау керек. Бұл әрекет тіндердегі қан айналымын жеделдетуге көмектеседі.
Жаттығуды бастамас бұрын стақанға белгі қою керек. Ол үшін пластилинді немесе кәдімгі маркерді қолдануға болады.
Көзқарасыңызды терезенің сыртындағы бір нүктеге немесе кез келген алыстағы объектіге кезекпен аудару. Бұл әдіс көздің шаршауын тез басады және бұлшықеттерді жаттықтырады.
фото: the-challenger.ru
1-жаттығу
Орындыққа отырып, арқаңызды тік ұстайсыз. Енді көзіңізді бес секунд қатты жұмып, қабақтарыңызды кең ашуасыз. Жаттығу 10 ретке дейін қайталанады. Бұл әдіс көз алмасының бұлшықеттерін нығайтады және босаңсытады, тіндердегі зат алмасуды және қан айналымын арттырады.
2-жаттығу
Отырған қалпыңызда екі көздің қабағын үш саусақпен ақырын басасыз. Осылайша бір секунд отырасыз. Сосын саусағыңызды алып, көзіңізді ашасыз. Жаттығуды 5 рет жалғастыруға болады. Аталған жаттығу көру аппараттың тіндеріндегі сұйықтықтың айналымын тездетеді және ісінумен күресуге көмектеседі.
3-жаттығу
Бұл жаттығу көздің шаршауын тез жоюға көмектеседі. Жайғасып отырып алып, қабақтарыңызды жабасыз. Сөйтіп жағымды нәрсені елестетіңіз. Бұл достардың ортасында өткен көңілді кеш, баланың алғашқы күлкісі немесе сүйікті тағамы болуы мүмкін. Қиялдағы суреттің түріне қарамастан, ол жағымды эмоцияларды тудыруы керек.
Эффектін күшейту және жақсырақ назар аудару үшін көзіңізді жылы алақанмен жабу керек.
4-жаттығу
Өзіңізге ұнайтын бір суретті таңдап алыңыз. Алдымен суретке мұқият қарайсыз. Сосын жоғары және төмен, кейін екі шетке кезек-кезек қараңыз. Енді көзіңіздің қарашығын сағат тілімен және қарама-қарсы бағытта жүргізіп, шеңбер жасаңыз. Көзіңізбен қиғаш сызықтар салыңыз. Сонан соң шаршы сызасыз. Көзіңізді қисық және ойыс доғалы сызық бойымен баяу жылжытыңыз. Көзбен ромб салуды да ұмытпаңыз. Көзбен тік және көлденең орналасқан садақтарды сызыңыз. «S» әрпін визуалды түрде әртүрлі позицияларда (тік, көлденең) салу керек. Көзбен тік доғаларды сызыңыз. Көздер алдымен сағат тілімен, содан кейін артқа жылжиды. Шаршының бір бұрышынан екінші бұрышына қиғаш сызықтарды визуалды түрде салу қажет. Көзді мұрынға қаратып, қарашықтарды орталық нүктеде байланыстырыңыз. Бұл жаттығуды кезек-кезек орындау керек.
5-жаттығу
Жаттығуды орындықта отырып орындау керек. Көздің бұлшық еттерін босаңсытып, көздің шаршауын азайту үшін көзді бес секундқа мықтап жабу керек, содан кейін сол уақыт аралығында көзді ашасыз. Әдіс 5-7 рет қайталануы керек.
Көз гимнастикасының бұл түрі адамға физикалық және психологиялық әсер етеді.
Жаттығуды ж\бастаудан алдын орындыққа отырып, шынтақты үстелге тірейсіз. Алақанды жылыту үшін бір-екі минут ысқылап алыңыз да, жарты ай пішініне келтіріп, көзіңізді мықтап жабыңыз. Көзіңізді қатты басуға болмайды. Бірнеше секунд ішінде сіз қараңғылыққа қарап, кез келген суретті салуға тырысыңыз керек. Бұл кезде көз алдыңызға түрлі-түсті нүктелер пайда болады. Қабақтарыңызды мықтап жабыңыз, демалыңыз және көз алдыңызға қара кенепті елестетіңіз. Бұл қалыпта 3 минуттан 20 минутқа дейін отырыңыз. Жаттығу барысында тамаша көру қабілетіне ие екеніне көз жеткізіп, толығымен босаңсу керек. Жаттығуды аяқтау үшін көзді бірнеше рет жыпылықтап, алақаныңызды бетіңізден алыстатып, басыңызды әртүрлі бағытта бұру керек.
Жаттығудың әсерін қалай күшейтуге болады?
Көзге арналған жаттығу қосымша ем ретінде ғана ұсынылады. Көруді қалпына келтіру үшін офтальмолог дәрігердің қабылдауына жазылу міндетті. Өзін-өзі емдеу ауруды асқындырып, ауыр зардаптарға, соның ішінде толық соқырлыққа әкелуі мүмкін. Көру өткірлігінің төмендеуінің алғашқы белгілерін сезінген әрбір науқас дереу офтальмологпен байланысуы керек. Маман ауруды тезірек анықтап, тиісті терапияны таңдаса, жүз пайыз сауығу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Дереккөз: elitplus-clinic.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ЖҮКТІЛІКТІҢ алғашқы айында жасалатын ЖАТТЫҒУ