​Сағаттап тыңдаудан жалықпайтын ӘДЕМІ ДАУЫС иесі болу – ОП-ОҢАЙ

0
1 025

Адамдар алдында сөйлеуге даусыңыздан ұялатын болсаңыз, оқыңыз


​Сағаттап тыңдаудан жалықпайтын ӘДЕМІ ДАУЫС иесі болу – ОП-ОҢАЙ

Дауыс – адамдар арасындағы негізгі қарым-қатынас құралдарының бірі. Сіз жайлы алғашқы әсерді сөзіңіз, іс-әрекетіңізден де бұрын, ең алдымен даусыңыз қалыптастырады. Егер даусыңыз әлсіз және сенімсіз болса, адамдардың мықтылығыңызға, сөзіңіздің растығына сене қоюы екіталай. Жағымсыз болса, біреулерге сізді жақсы көру де қиынға соғуы мүмкін. Ал әр сөзіңіз тыңдаушысына анық, сенімді, жағымды үнмен жетсе, қалаған әсерге ие болу ықтималдығы жоғары. Егер табиғат ондай дауысты сыйға тартпаса, мұңаймаңыз. Жаттығулардың көмегімен қалыптастыруға болады.


Дене шынықтыру сабағында түрлі жаттығулар көмегімен бұлшықетті қалай дамытатын болсақ, дыбыстау мүшелерін де тура солай шынықтыруға болады. Нәтижесінде дауыс бәсеңдеп, эвфониялық болып, диапазоны кеңейіп, айтылуы анық болады.


1-жаттығу

Айна алдына тұрыңыз. Терең тыныс алыңыз да, демді шығарғанда барынша созып былайша дыбыстаңыз:

— Иииииииииии.

Дем таусылғанда, қа йтадан ішке ауа толтырып, демді шығара отыырп:

— Ееееееееееееее.

Тура осылай қайталап дыбыстай бересіз:

— Ааааааааааа.

— Ооооооооооо.

— Уууууууууууу.

Дыбыстардың айтылу ретін бұзбау керек. Себебі, бұл реттілік кездейсоқ емес. Жаттығу ең жоғары жиілікті дыбыстан басталады – «и». Егер осы дыбысты айту кезінде алақаныңызды басыңызға қойсаңыз, терінің аздап дірілдегенін сезінесіз. Бұл қан айналымының қарқындылығының дәлелі. «Е» дыбысын айту мойын мен тамақ аймағын белсендіреді, сіз мұны қолыңызды мойныңызға қою арқылы сезінесіз. «А» дыбысын айту кеуде аймағына жақсы әсер етеді. «О» дыбысын айтқанда жүректің қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді. «У» дыбысымен жасалған жаттығу іштің төменгі бөлігіне жақсы әсер етеді. Барлық дыбыстарды бірінен соң бірін үш реттен айтыңыз. Даусыңыздың төменірек және тереңірек болғанын қалайсыз ба? Онда «у» дыбысын осы әдіспен күні бойы бірнеше рет қайталап айтып жүріңіз.


2-жаттығу

Келесі кезекте кеуде және іш аймағын белсендіру керек. Ол үшін ауыз жабық күйде, демді мұрын арқылы шығара отырып «Ммм» дыбысын айту керек. Үш рет қайталаңыз. Бірінші ретте өте бәсең үнмен, екіншіде даусыңызды аздап шығарып, үшінші ретте мүмкіндігінше қаттырақ дыбыстаңыз. Осылайша дауыс байламдары шиеленіседі. Алақаныңызды асқазанға қойғанда, сіз күшті діріл сезінуіңіз керек.

3-жаттығу

«Р» дыбысына ерекше назар аудару керек, өйткені ол дыбыстауды жақсартуға көмектеседі және дауысқа күш пен қуаттылық береді. Алдымен тілді босаңсытып алу керек: тіл ұшын үстіңгі күрек тістердің жоғары жағына (таңдаймен жалғасқан тұсына) тіреп, трактордың даусын салыңыз: «Рррр». Содан соң мына сөздерді қайталаңыз («р» дыбысын анық әрі созыңқырап айтып ):

Роль, руль, сыр, ринг, тауар, рубль, ритм, қарыз, құбыр, сыбыр, т.б.


4-жаттығу

Қорытынды ретінде «Тарзан жаттығуын» жасаңыз. Бұл жаттығу дыбыстауды, дауысты жақсартумен қатар, суық тию мен миокард инфарктінің алдын алудағы ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.

Тік тұрып, қолдарыңызды жұдырықтаңыз. Терең тыныс алып, демді шығарарда бірінші жаттығудағыдай «И» дыбысынан бастап, барлығын созып айтып шығыңыз. Айырмашылығы – дем шығарып, дыбыстау барысында қос жұдырықпен кеудеңізді кезек-кезек ұрғылаңыз. Жаттығудың соңында бронхтардың қалай тазарып қалғанын, тыныс алуыңызда еркіндік пайда болғанын, энергияның қалай зарядталғанын байқайсыз.

Ескерту! Бұл жаттығуларды тек таңертең орындау керек.

Осылайша бірнеше апта бойы үзбей қайталасаңыз, дауысыңыздың айтарлықтай өзгергенін көресіз. Ол енді бұрынғыдан күштірек әрі сенімді, тартымдырақ. Бұл сіздің нанымды сөйлейтініңізді және басқаларға үніңізбен-ақ әсер ете алатыныңызды білдіреді. Осындай жаттығулардың нәтижесінде сіздің дауысыңыз ғана емес, ойыңыз да тыныш, тереңірек болады. Дауыс неғұрлым терең және төмен болса, соғұрлым ол санада орнығады, айтылған сөздердің де әсері сондай.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ұйықтағанда қатты ҚОРЫЛдайтындар ОСЫЛАЙ жасаса, ҚҰТЫЛАДЫ