Әлеуметтік желіде АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ пайда болды

0
6 507

Бұл барлық адам үшін маңызды!


Әлеуметтік желіде АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ пайда болды

Бүгін біз оқырман игілігі үшін гаджеттер арқылы жасалатын жаңа алаяқтық туралы ақпараттармен бөліскелі отырмыз. Мұны өзіңізге жақын адамдарға да жіберіп, сақтандырып қойғаныңыз артық болмас. Себебі, соңғы уақытта смартфондар мен телефонға арналған түрлі қосымшалар дами түсіп, ғаламтордағы алаяқтардың да айла-амалы, жымысқы әдістері көбейіп жатыр. Сәйкесінше айналамыздағы көптеген адам аңдаусызда айлаға түсіп, бармақ тістеп қалуда.Сол арампиғылдылар сан соғып қалғандардың санын арттыру үшін тағы бір әдіс ойлап тауыпты. Бүл қандай әдіс? Алаяқтықтың жаңа түрінен қалай сақтануға болады? Аталған сұрақтардың жауабын осы мақаладан біле аласыз.


АЛДЫМЕН, АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ЖАЙЛЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП, ДҰРЫСТАП ТҮСІНІП АЛЫҢЫЗ.


Алаяқтықтың жаңа түрімен айналысып жүргендер өзіміз күнделікті қолданатын «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілерін пайдалана отырып, адамдарды алдайды. Яғни белгілі бір тұлғаның жеке аккаунтына сілтеме (ссылка) түріндегі зиянды бағдарламаны (программа, приложение т.б.) хат арқылы жібереді.


Бірақ, ол хабарламада қандай да бір байқауға қатысушыға дауыс беру, сыйлық ұсыну, ұтыс ойынына қатысу немесе өзге де бағыттарға арналған мәтін жазылуы мүмкін. Сұрақ-жауап, сауалнама түрінде келетін хабарламалар да кездеседі.


Ал, сіз сол сілтемені бассаңыз алаяқтар бірден сіздің мессенджеріңізге рұқсатсыз кіріп, қосымшаны емін еркін басқаруға қол жеткізеді. Әрі қарай, олар аккаунтыңыз арқылы сіздің атыңыздан өзгелерге хат жазып, қарызға ақша сұрап, өз шотына аудартып алады. Сонымен қатар, көп жағдайда алаяқтар ақшаны алу үшін үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады.


Сондықтан үнемі өз смартфоныңыз бен мессенджерлеріңізге қырағы болып, туыстарыңыздан, достарыңыздан немесе т. б. таныс адамдардан хат, хабарлама, сілтеме сынды күмәнді хат келген жағдайда, міндетті түрде өшіріп тастауға кеңес береміз.


Ал егер хабарламалар жаныңызға жақын адамнан келіп жатса, онда бірден оған қоңырау шалып, шын мәнінде сол адамның ақша сұрап жатқанына көз жеткізіңіз.


Дегенмен, егер сіз сілтемені ашып қойған болсаңыз, онда «WhatsApp» немесе «Telegram» қосымшасындағы баптауларға (настройка) кіріп, әрі қарай«Құрылғы байланыстыру»(«Связанные устройства» немесе «Устройства») деген бөлімін ашып, шығу (выйти) немесе аяқтау (завершить) пәрменін басасыз. Өзіңіздің жеке деректеріңіз бен қарым-қатынастағы адамдарды қорғау үшін бұл процедураны мүмкіндігінше қайталап жасап тұрғаныңыз артық болмайды.


WhatsApp мессенджерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

Telegram желісінде:





Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Бұл гаджеттер ҮЙДІ ТАЗАЛАУҒА көмектеседі


УАҚЫТ ТЕЗ ӨТІП ЖАТҚАНДАЙ: Смартфон адам өмірін ҚАЛАЙ БҰЗАДЫ?