Бұл гаджеттер денсаулық пен өмірге ӨТЕ ҚАУІПТІ

0
5 655

Пайдасы да, зияны да көп.


Бұл гаджеттер денсаулық пен өмірге ӨТЕ ҚАУІПТІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Заманауи гаджеттер біздің өміріміздегі әртүрлі жұмыстарды жеңілдетуге және өмір сүру ортасының қолайлылығын жақсартуға көмектеседі. Сондықтан олар біздің тіршілігімізге тереңінен еніп кетті. Тіпті, кейбір гаджеттерсіз өмір сүруді елестете алмайтын жағдайға жеттік. Бірақ, соншама жиі тұтынатын құрылғылардың кейбірі қауіп тудыратынын аңғармаймыз.


Тұзды шам

Қазіргі таңда пәтерлерге арналған тұзды шамдар пайда бола бастады. Олар натрий хлор және йод иондарымен қанықтыратын жұмсақ, жайлы жарық көздері. Олар микробтарды жояды, жағымсыз иістерді бейтараптандырады және иммунитетке жағымды әсер етеді. Бірақ, мал дәрігерлері мұндай құрылғылардың үй жануарлары үшін қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Мәселен, қызығушылығы оянған мысықтар мен иттер шамды жалайды екен. Ал, ол толығымен тұздан тұратындықтан, жануар қауіпті дозаны қабылдап, улануы мүмкін. Кішкентай балалар үшін де қауіпті екендігі жасырын емес.


Смартфон

Қазір адамзаттың таңы кофемен емес, смартфонмен басталады. Әлбетте, ұялы телефон адам өміріне қатысты барлық естеліктерді сақтап тұрады. Бірақ, кейбір сарапшылар смартфонның ақпараттық қаупі туралы жиі айтып жүр. Сонымен қатар, ғалымдар телефонға ұзақ уақыт бойы қарайтын адамдардың көру қабілеті нашарлайтынын дәлелдеп қойған. Сондай-ақ, ұйықтар алдында смартфонмен уақыт өткізу әдеті дененің маңызды жүйелерінің жұмысын реттейтін ұйқы гормоны – мелатонин өндірісін азайтады.


Бетке арналған электрлік щетка

Бет терісін терең тазартуға арналған бұл сұлулық гаджеті де танымалдыққа ие болды. Алайда, құрылғы дұрыс қолданылмаса, ол теріні «өлтіретін» қаруға айналуы мүмкін. Мәселен, адамның бетінде іріңді безеу, купероз немесе басқа да тері проблемалары болса, щетка жағдайды нашарлатуы мүмкін. Себебі, гаджетті дұрыс қолданбаудың нәтижесінде бактериялар бүкіл бетке таралып, бұл жаңа бөртпелерді тудырып жатады.



Құлаққап

Көптеген адамдар өз өмірлерін музыкасыз елестете алмайды екен. Сонымен қатар, кейбіреулер аудиокітаптар тыңдап, телефон арқылы құлаққаппен сөйлеседі. Алайда, отоларингологтар құлаққапты көп пайдаланатындар есту қабілетінен қалыпты деңгейден 20-30 жыл бұрын айырылатынын айтады. Сонымен бірге, құлаққапты жиі пайдалану бас ауруын тудырып, қан қысымын төмендетуі мүмкін.



Ауа ылғалдандырғыш

Егер, осы құрылғыға тазартылмаған суды құятын болсаңыз, онда судағы кальций тұздары буланып, бет пен өкпеге түседі. Дені сау адам үшін бұл қатты қорқынышты нәрсе емес, бірақ аллергия мен астматика пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, ылғалдандырғышты үнемі жуып отырмасаңыз, тұрып қалған су бактериялардың ошағына айналады да, олар бөлмеге таралады.


Виртуалды көзілдірік

Бұл көптеген қызметтерге қолдануға болатын жаңа гаджет. Олар бейне ойындар әлеміне терең ену, фильмдер мен телешоуларды көру, жылжымайтын мүлік пен интерьер дизайнын көрсету, экскурсиялар мен аттракциондарға виртуалды бару, тіпті психотерапия үшін қолданылады. Бірақ оларды ұзақ уақыт пайдаланған адам басы ауырып, жүрегі айнып, кеңістіктегі ауытқуды сезінуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер оларды 13 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге, жүрегі ауыратын, страбизмі бар адамдарға пайдаланбаған дұрыс деп санайды. Сонымен қатар, бұл гаджет көру қабілетін нашарлатады деген тұжырымдар да кездеседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфон ЗИЯН ба? ПАЙДАЛЫ жағын да көре білейік


Спортпен айналысуда КЕРЕК БОЛАТЫН ЕҢ ҮЗДІК гаджеттер