ЕСЕП шығара алатын ТЫШҚАН жайлы білесіз бе?

0
400

Ең ерекше тінтуірлер топтамасы.


ЕСЕП шығара алатын ТЫШҚАН жайлы білесіз бе?

Сурет: img.scoop.it

Ғалымдар мен өнертапқыштармен қатар, дизайнерлер де тоқтаусыз жаңашылдық іздеуде әрі ұсынуда. Олардың қиялы шарықтап, көкжиегі кеңейген сайын қарапайым адамның ойына кіріп-шықпайтын өзгеше үлгілер дүниеге келуді. Сөзіміздің бір дәлелі ретінде компьютер, ноутбуктарға арналған ерекше тінтуірлерді көрсетуге болады. Олардың кейбірі жай ғана ерекше болғысы келудің нәтижесі. Енді біреулері бірнеше функцияны біріктірген әмбебап құрал. Келесілері бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсу мақсатында айрықша сипатқа ие болған.


Canon X Mark I Mouse


Бұл – есеп шығаратын тышқан. Яғни, тінтуір-есепшот. Ол өмірі мен қызметі есептеулермен тығыз байланысатын жандар үшін таптырмас әрі тамаша көмекші. Тышқан құрылғыға Bluetooth арқылы қосылады. Қолдану кезінде сандық батырмаларын кездейсоқ басып қоямын деп уайымдамаңыз, оларды байқамай басу өте қиын. Сонымен қатар, арнайы Send батырмасы басқан кезде есепшот экранынандағы сандар компьютерге жіберіледі.


Swiftpoint GT


Өте кішкентай және жеңіл, сымсыз тінтуір. Қалтаға салып жүруге болады. Бұл тышқан үнемі ноутбукпен жүретін қолданушыларға өте ыңғайлы. Жазу қаламы секілді, үш саусақпен ұсталады. Соған қарамастан, құрылғыны басқару өте оңай, әртүрлі қимылдарды еркін қолдайды.


Chameleon X-1

Бұл модель – үш функцияны біріктірген. Біріншісі – тінтуір болса, екінші режим – геймпад. Геймпад 14 батырма мен 2 джойстиктен тұрады. Сондай-ақ, үшінші режимде бұл құрылғы басқару тетігіне (пульт) айналып, әуенді ауыстыруға, дыбыс деңгейін реттеуге, құжаттарды айналдыруға және тіпті компьютерді өшіруге мүмкіндік береді. Артқы панельде батарея мен сымсыз USB адаптері бар. Бірақ бұл тышқанды ұстау ыңғайсыз, себебі пішіні қолайлы емес.


Cool Ring-Style Fingertip USB Optical Mouse


Бұл тышқан пернетақтаны көп пайдалана отырып, қолды тым көп жылжытпай қолдануға арналған. Құрылғы саусаққа киіледі де, оптикалық датчик арқылы қимылдарды бақылайды. Тышқанды саусаққа реттеуге болады, ал жақсы жұмыс істеу үшін оны үстелдің немесе басқа да тегіс беттердің үстінде жылжыту ұсынылады.


Bat | Levitating Wireless Computer Mouse


Бұл тышқан платформадан жоғары көтеріліп, магниттік сақина арқылы ауада қалықтап тұрады. Ол қолдың салмағын оңай көтере алады. Дизайнерлердің айтуынша, бұл құрылғы білезік буынының ауруын болдырмау мақсатында ойластырылған. Өйткені, тінтуірді көп қолданушылар бұл аурудан жиі зардап шегеді екен. Мәселен, қолдың ұйып қалуы, бұлшықеттердегі шымшылау сезімі және басқа да ауырсынулар.


Көлік түріндегі тышқандар

Автокөлік әуесқойлары үшін әртүрлі көліктердің үлгісінде жасалған көптеген тышқандар бар. Мысалы, Chevrolet Camaro, Porsche, Mercedes Benz, Volkswagen сияқты көліктердің стилінде. Мұндай тышқандар жақсы жұмыс істейді, олардың ортасында доңғалақ бар және көбінесе сымсыз болады. Бірақ кейбір модельдер пішініне байланысты ұзақ уақыт пайдалануда ыңғайсыз болуы мүмкін.


MoGo Mouse


Newton Peripherals компаниясы ұясына орналастырылатын тышқанды ойлап тапты. Ол ықшам және сымсыз, аккумуляторларын PCMCIA ұясына зарядтайды. Бірақ кейбір функционалдық мүмкіндіктері шектеулі, мысалы, айналдырма доңғалағы жоқ. Тышқанды қолдану үшін алдымен тірек құрылғысын көтеріп, бекіту керек.


Transforming Laser Mouse Trypticon


Takara компаниясы жасаған трансформер тінтуір. Оны көбіне ойыншық ретінде қабылдайды. Себебі трансформер динозаврларға айналады.


Toe Mouse


Аяқпен басқарылатын тышқан. Бұл құрылғы негізінен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Яғни қолмен жұмыс істей алмайтын немесе қиындық көретін адамдар үшін. Бұл тышқанды аяқтың үлкен және екінші саусақтарының арасына орналастырып, оны еденде жылжыта отырып, курсорды басқаруға болады. Ал саусақтарымен тышқанның сол және оң батырмаларын басылады.


Mad Catz Cyborg R.A.T. 8+

Ойыншыларға арналған, өте ыңғайлы тінтуірден бастайық.Манипуляторды әртүрлі ұстағыштар мен ойын стильдеріне бейімдеуге болады. Бас бармақ тірегі екі ось бойымен қозғалады, ал қол тірегінің ұзындығын өзіңізге бейімдеуге болады. Тінтуірдің салмағын өзгерту және компоненттерді өзгерту мүмкіндігі бар, өйткені әр түрлі жабыны бар қолдар мен кішкентай саусақтарға арналған ауыстырылатын тіректер бар.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ пен АДАМды ажырату қиын боп барады