Компьютерлік ойындардың балаға тигізетін ЗИЯНЫ КӨП!

0
9 830

Шынайы өмірден өз орнын таба алмай қалады.


Компьютерлік ойындардың балаға тигізетін ЗИЯНЫ КӨП!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Соңғы 10 жыл ішінде компьютер құралдары қоғамнан өз орнын тапты десек болады. Ересектер оны жұмыста, сапарда, үйде жиі қолданады. Нәтижесінде компьютерді қолданатын балалардың да қатары артты. Сөйтіп, бұрын балалар сыртта ойнайтын болса, қазір бір бөлмеге тығылып алып, компьбтердің алдында отыратын болды. Әрине, гаджеттің дамуы мен дүниежүзілік интернет – адамзаттың ең күшті өнертабыстарының бірі. Бірақ оны мүлдем қауіпсіз деп санауға болмайтынын жиі-жиі айтып келеміз. Себебі онда кез-келген ақпаратқа еркін қол жеткізе алғанымызбен, жарнамаларды сүзгіден өткізіп, агрессивті ойындар мен фильмдерге шектеу қоя алмаймыз. Сонымен қатар, ойын ойлап табушылар да балаларды тәуелді ету үшін неше түрлі амалға барады. Осылайша, компьютерлік ойындарға тәуелді ұрпақ қалыптасып жатыр. Тіпті, аулада ойнауды, спорт үйірмелеріне баруды, шығармашылықпен айналысуды түбегейлі ысырып қойған балалар да бар. Тиісінше, бүгінгі таңда балалар компьютерлік ойындар әлеміне еніп, шындықты виртуалды шындықпен шатастырып, компьютерлік кейіпкерлермен жақын өмір сүреді. Демек, көптеген балалар ойыншықтарға қызығушылық танытпайды, ал мектеп оқушылары монитор алдынан шықпайды. Тіпті, «телефоннан шық, компьютерді өшір» деген сөзге агрессия көрсетететін жеткіншектер бар. Бұл нағыз ПРОБЛЕМА!


Әлбетте, егер бала қоршаған ортаны тануға, шет тілдерді меңгеруге, басқа да пайдалы ақпараттарды қабылдауға көмектесетін видеолар қарап, ойындар ойнаса, ол бөлек әңгіме. Сондықтан, ғалымдар балалардың компьютер немесе телефон қолдануы кезінде процеске ата-аналардың да қатысуы қажет деп санайды. Яғни, ата-аналар балаларды бақылауда ұстағаны жөн.


Ойындар арасындағы ең қауіптісі – "рөлдік ойындар". Онда ойыншының өзі ойын кейіпкеріне айналып, сол әлемге толығымен еніп кетеді. Сөйтіп, баланың көп уақытын ұрлап, шынайы өмірден ажыратады. Тіпті, кей балалар уақытты, тамақ пен ұйқыны ұмытып кететін болады.


Одан да қауіптісі – атыс ойындары. Олардың сюжеті өте қарапайым болғанына қарамастан, баланың психикасына теріс әсер етіп, агрессивті, тіпті ешкімдістыңдамайтын жағдайға жеткізеді.


Нәтижесінде балалар ойын әлеміне еніп, шынайы өмірде өздерін ыңғайсыз сезінеді. Өйткені, ойынның ішінде балаға ешкім ұрыспайды, тіпті қателігін түзету үшін белгілі бір кезеңдерден өту жеткілікті болады. Сөйтіп олардың көпшілігі өмірді, өзін түсінбейтін адам болып өседі.

Компьютерлік ойындарға тәуелді балалардан мынандай белгілер байқалады:

  • сіз оны компьютерлік ойыннан алшақтатуға әрекет етесіз, бірақ бала өзіңізге қарсы шығады;
  • баланы ойыннан мәжбүрлі түрді ажыратқанда психологиялық ауытқу байқайсыз;
  • ол өздігінен ойынды өшірмейді;
  • күнделікті тірлік пен сіздің өтініштеріңізді, сабақ оқуды ұмытып кетеді;
  • ол күн мен түннің режимін ұмытып, өзіне қамқорлық жасауды тоқтатады;
  • ұйқыдан ояну үшін кофе мен энергетикалық сусындарды жиі пайдаланады;
  • тамақты компьютердің алдынан ұзамай жей салады;
  • оның эмоционалды көтерілуі тек компьютермен уақыт өткізген кезде болады;
  • басқа балалармен сөйлескенде тек компьютер тақырыбымен шектеледі;
  • жүйке жүйесі нашарлап, компьютерлік ойынға оралуға асығып тұрады.


Медицина мамандарының айтуынша, мұндай белгілер асқазан-ішек жолдарының, омыртқаның, иық пышақтарының, қол білектерінің және көру қабілетінің нашарлауына, ұйқысыздық пен жүйке жүйесінің ауытқуына соқтырады.


Мұндай жағдайға жол бермеу үшін ата-аналар баласына уақытылы назар аударып, онымен қарым-қатынасты үзбеуі тиіс. Және оған шынайы өмірдегі істерді жүзеге асыруға көмектесуге міндетті. Отбасындағы қолайлы атмосфера – баланың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтаудың басты жолы.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеудің демократиялық стилін ұстануға тырысқаны жөн. Яғни, балалардың жауапкершілікті сезінуіне және дұрыс шешім қабылдауына ықпал жасау керек. Әрқашан қойылған талаптардың себептерін түсіндіруге тырысып, жасына сай тақырыптарды бірге талқылау қажет. Оның айтқаны дұрыс болса, келісіңіз. Есіңізде болсын, отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас бала өмірінде басым рөл атқарады.


Ал, компьютерлік ойындарға келетін болсақ, баланы олардан мүлдем тыйып тастаған да дұрыс емес. Керісінше, баламен бірге ойындардың сюжеттерін талқылап, оған пайдалы ойындарды таңдауға көмектесіңіз.


Баланы компьютерлік ойындарға тәуелділіктен сақтау үшін оның ақыл-ойын дамытудың тиімді әдістерін іздеу керек. Ал, ол әдіс балаға ұнауы қажет. Сонда ғана ол сіз ұсынған қандай да бір әдіске қызығып, санасын улайтын дүниелерден өзі-ақ алыстайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ЖИНАЛМАЛЫ ЭКРАН: Қазір бәрі осындай телефон алғысы келіп жүр

ҚАЛТАҒА СЫЙЫП КЕТЕДІ: Ноутбуктың жаңа түрлері шығып жатыр