Бұл екі процестің арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Смартфондарды қайта жүктеу (перезагрузка) қажеттілігі туралы көптеген пікірталас бар. Біреулер «бұл функция қазіргі заманғы гаджеттерге қажет емес» десе, енді біреулері гаджетті мүмкіндігінше жиі-жиі қайта жүктеу ұсынады. Тіпті, гаджетті толығымен өшірген дұрыс» дейтіндер де бар. Сондықтан бүгін осы екі процесстің артықшылықтары мен кемішіліктерін талдауды шештік.
Қайта жүктеу қажет пе?
Алғашқы гаджеттер пайда болғаннан бері біз олардың жұмысындағы кез-келген мәселелерді қарапайым «қайта жүктеу» арқылы шешуге болатындығын жақсы білеміз. Бұл функция қазіргі смартфондарда да бар, әсіресе алғашқы Android құрылғылары үшін пайдасы мол болатын. Себебі, алғашқы смартфондардың процессоры қазіргідей дамымаған және жедел жадтың сыйымдылығы аз еді. Сондықтан оларға қайта жүктеу айтарлықтай көмектесетін. Яғни осы әдістің нәтижесінде гаджеттер айтарлықтай жылдам жұмыс істейтін.
Ал, қазіргі уақытта 1-2 ГБ-тық жедел жады бар смартфондар шығып, олардың қызмет ету сапасы да едәуір артты. Алайда, бұл смартфонға қайта жүктеудің қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Себебі, қандай гаджет болмасын оның мінсіз жұмыс істеуіне кейбір бағдарламалар әсер етуі ықтимал.
Қайта жүктеудің пайдасы
Тұрақты түрде қайта жүктеу жасап тұрған смартфонның жедел жадына, жұмыс жылдамдығының қалыпты сақталуына және батареяның тез тозбауына көмектеседі. Себебі, смартфонды әрбір қайта жүктегеннен кейін батареяның қызмет ету мерзімін ұзартатын шағын калибрлеу процесі жүреді. Сонымен қатар, қайта жүктеуден кейін жүйе параметрлеріндегі барлық жаңартулар мен өзгерістер күшіне енеді және қолданылады. Сол себепті көптеген өндірушілер қосымшаларды орнатқаннан кейін гаджетті қайта жүктеуді ұсынады.
Бірақ, қайта жүктеуден басқа тағы бір балама бар — бұл гаджеті өшіріп тастап, содан кейін қайта қосу.
Бұл екі процесте айырмашылық бар? Қайсысының пайдасы көп?
Көптеген адамдар үшін екі әрекеттің айырмашылық жоқ сияқты көрінеді. Дегенмен, бұлардың арасында ерекшелік бар және ол өте маңызды. Мысалы, қайта жүктеудің өшіріп қосудан айырмашылығы – ол тек бағдарламалық жасақтамаға әсер етеді және процессордың кэшіне қатысы болмайды. Қайта жүктеу кезінде жүйе смартфонды бірден қосу керек екенін түсінеді, яғни кейбір деректер сақталады. Сонымен қатар, аппараттық құрал жұмысын тоқтатпайды, тиісінше қайта жүктеуге аз уақыт жұмсалып, смартфон ресурстарының бір бөлігін үнемдейді.
Ал, өшіру – бұл гаджеттің жұмысындағы барлық процестерді тоқтатудың тәсілі. Бұл жағдайда барлық кэш жойылады және барлық сақталмаған деректер қалпына келтірілмейді. Телефонды қайта қосқанда жүйені қайта жүктегеннен гөрі ұзағырақ уақыт алады. Бұл процессорға, демек смартфонның батареясына көбірек жүктеме әкеледі. Екіншіден, бұл ресурстарды көп қажет ететін процедура. Бірақ, жүйені қажетсіз фондық процестерден тазарту және іске қосу кезінде жинақталған қателерді жою қажет болса, қайта жүктеу емес, осы өшіру әдісі тиімді болады.
Түйін
Қорытындылай келе, қайта жүктеу телефонның ресурстарын аз жұмсайтынын, бірақ жинақталған қателіктерден арылу қажет болған кезде тиімді еместігін білдік. Өшіру – смартфонды барлық кэштен және сақталмаған өзгерістерден тазартады. Жүйені қайта іске қосу кезінде ақауларды тереңірек сканерлейді, бірақ оған қосымша телефон ресурстарын жұмсайды.
Енді жағдайға байланысты қайсысын қай кезде қолдану керектігіне тоқталайық. Мысалы, смартфонға жаңа қосымша орнатсаңыз немесе жүйені жаңартқаннан кейін қарапайым қайта жүктеу жеткілікті болады. Ал, егер жүйенің қатып қалуы байқалса, қуатты толығымен өшіріп, бірнеше минут күтіп, смартфонды қайтадан қосқан дұрыс.
Жайсыздықтардың алдын алу үшін смартфонды аптасына бір рет өшіріп, қайта қосып жүрген дұрыс. Тіпті, қазір бұл процесті автоматты түрде орындайтын құрылғылар да бар. Осылайша, сіздің смартфоныңыз әрдайым таза әрі тұрақты жұмыс істейтін болады.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Бұл гаджеттер денсаулық пен өмірге ӨТЕ ҚАУІПТІ