«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев кепілсіз құрылыс салушыларды қолдау бастамасын көтерді.
ERNUR.KZ. Ол құрылыс компаниялары қымбат қорландырудан жапа шегіп отырғанын мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.
«Қазір тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі – құрылыс компаниялары үшін «қымбат» қорландыру. Еркін кепілдіктің жоқтығынан банктерден коммерциялық кредит ала алмайтын құрылыс салушылар үшін жобалық қаржыландыру тетігі пысықталуда. Осы мақсат үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 100 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл тіркелген бағамен қосымша 9 мың пәтер салуға мүмкіндік береді», – деді Әнуар Омарқожаев.