13 жыл отасқан әйелін балтамен ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды

0
2 740

Жанжалдасқан жұбайы балтамен ұрып, полицияға шағымданса, балалардың көзін құртатынын айтқан


13 жыл отасқан әйелін балтамен ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды

фото: NUR.KZ.

ERNUR.KZ. Қызылордалық Жадыра Махмудова 13 жыл бойы жолдасының зорлық-зомбылығынан көз ашпай келген. Қит етсе жұдырығын ала жүгіретін отағасы мұны аз көріп, соңғы жанжалда жұбайын балтамен ұрып, полицияға шағымданса, балалардың көзін құртатынын айтқан деп жазады NUR.KZ. Евразия арнасына сілтеме жасап

Қызылордалық Жадыра Махмудова 20 жасында шымкенттік жігітпен тұрмыс құрған. Араға көп салмай күйеуі еш себепсіз қол жұмсауды әдетке айналдырған көрінеді. Ауылдық жерде мал бағып, нәпақасын тауып отырған отбасының жанжалсыз күні болмапты. Төрт баланы дүниеге әкелген келіншек күйеуінің соңғы кезде өзін ғана емес, балалары да соққының астына алатынын айтты. Өзі ұрып шаршаған күйеуі бұл іске соңғысында әпкесін шақырыпты.

"Күйеуім үстіме мініп алып қолымды байламақшы болды. Қайын апам аяғымнан теуіп ұрып жатты. Сөйтіп келді де, ағаш балтамен маңдайымнан ұра берді, ұра берді. Соңғысында қан бұрқ ете қалды тоқтамай. Есеңгіреп қалдым", - дейді Қызылорда тұрғыны Жадыра Махмудова.

Қансырап жатқан жеңгесіне жаны ашыған 12 жастағы қайын інісі сол мезетте туыстарына қоңырау шалып, мән-жайдың барлығын айтып беріпті. Жадыраның өміріне аландаған төркіні дереу Қызылордадан оңтүстіктегі Леңгір қаласына келіп, қыздарын алып кеткен. Қалалық аурухана дәрігерлері келіншектің соққы алғанын растап отыр.

"Бізде травматолог дәрігерлер көргеннен кейін басын компьютерлік томографияға рентген түсіріліп, жабық бас ми жарақаты, бас миының соғылуы диагнозы қойылып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда тағы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, емін алып жатыр", - дейді Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген.

Жадыраның анасы бұл қызының алғаш таяқ жеуі емес екендігін айтады. Жас жұбайлардың ортасына түспейін, күйеу бала уақыт өте басылар деген ойы қате болып шыққан. Оның айтуынша, күйеу баласы өз ұл-қыздарын да ұруды әдетке айналдырға екен.

"Әрдайым ұрады. Таяқ жегенінің бірін айтса, бірін айтпайды. Телефонмен сөйлескенде де айтпайды. Көрші бала хабарласып, сол арқылы бардық Ленгерге. Әйтпесе бармаймыз да ғой. Қызымыздың не болатынын Құдай біледі, өлігіне барамыз ба? Балаларын бермеймін деп отыр. "Бермеймін" деп бізді шығарып салды. Ала алмадық", - дейді Жадыраның анасы Ботакөз Асылбекова. Ал Жадыраның күйеуі Амангелді Махмудов өзіне әйелінің жала жауып жатқанын айтуда.

"Әйелім мас болып, істеген нәрсесін білмейді. Оның әпкелері бар. Сондай жолмен жала жауып жатыр. Участковыйлар бар жанымда, бәрі бар. Мәмілеге келмейді. Ұрыс неден шыққанын анықтайық десем, әпкелері алып кетті.

Қазір балаларымның бәрі мектепте. Директордан сұраңыздар, сабақтан қалмайды олар. Қызымды балабақшаға өзім апарып, өзім әкелемін. Ол 14 жылдан бері арақ ішіп келеді. Өзінің не істегенін білмейді. Наркологиялық диспансерден қағазы бар", - дейді Жадыра Махмудованың күйеуі Амангелді Махмудов.