Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады Stan.kz.
"Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты жағдайдың күрт өскені белгілі болатын. Қазір жағдай қадағалауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады", - деген вице-премьер.
Сондай-ақ ол бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.
"Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіздің берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантиндік шаралар алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге келуіне байланысты нақты шаралар қабылданып, барынша жеңілдіктер жасалып жатыр. Келесі жұмадан бастап барлық мектептерде оқуды онлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз", -деді Ералы Тоғжанов.