Қадір түні 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келеді.
фото:massaget.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. “Құрбан айт” 6 маусым күні басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
2025 жылғы “Құрбан айттың” үш күні 6 маусымнан 8 маусымға дейін белгіленген.
«Діни мерекелердің нақты күндерін жаңа айдың келуіне байланысты бір күн бұрын немесе кейінірек шегеруге болады», - деп ескертті ҚМДБ.