Темір жол мен әуе қатынасына рұқсат етілді.
Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Мұндай шешімді премьер-министр Асқар Мамин төрағалық ететін Мемлекеттік комиссия қабылдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Көлік қатынасы бойынша: Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ:
1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
3. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеуге шешім қабылданды.