61 жастағы павлодарлық өзі мен сүйіктісін бензин құйып өртемек болды

0
511

Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


61 жастағы павлодарлық өзі мен сүйіктісін бензин құйып өртемек болды

ERNUR.KZ. Әйел қашып үлгерген және болған оқиға туралы туыстарына хабар берген, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясына 52 жастағы қала тұрғыны бұрын танысқан ер адамға қатысты шара қолдануды сұраған.

«Жәбірленушінің айтуынша, ол алты ай бұрын 61 жастағы ер адаммен бірге тұрған. Кейінірек олар ажырасып кеткен, бірақ ер адам соңынан түсіп, үнемі жұмыстың жанында қадағалап, сүйіктісін қайтаруға тырысқан, тіпті күш қолдану арқылы қорқытқан», - дейді департаментте.

Ер адамның сүйіктісін қайтару әрекеттері іске аспаған соң қатаң шешім қабылдауға кіріскен. 2 қазан күні сағат 17:30 шамасында 52 жастағы қала тұрғынының ауласына келіп, оған және өзіне бензин құйып, өртеуге тырысқан. Осылайша өлтіремін деп қорқытқан.

Ер адамға қатысты қауіп төндіру бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 115-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, биылға жылдың басынан бері Павлодар облысында осыған ұқсас 11 факті тіркелген.