Айгүл Иманбаева жұбайымен тұрған фотосын жариялады

0
520

Олардың табысуына ортақ таныстары себеп болған.


Айгүл Иманбаева жұбайымен тұрған фотосын жариялады

ERNUR.KZ. Әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында жарын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«...Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен» деп Құдайдан сұрайтын едім. «Шын тілесең береді» деген де осы шығар және көптің тілеуі көл- деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік», - деп жазды әнші.

Айгүл Иманбаеваға оқырмандары бақыт тілеген. Айта кетелік, отандық өнер жұлдызы жақында тұрмысқа шықты.