"Ақ жол" партиясы президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

0
353

Астанада "Ақ жол" демократиялық партиясы кезектен тыс XIX съезін өткізді.


ERNUR.KZ. Съезд барысында партия мүшелері партиядан ұсынылған үш кандидаттың бірін таңдауға немесе халық коалициясынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға тиіс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Ақ жол" партиясынан үміткерлер – "Время" қоғамдық-саяси газетінің журналисі Сандуғаш Дүйсенова, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев және партияның Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы Асқар Садықов. Үш үміткер де партияластарына өз кандидатурасын қолдау туралы өтініш білдірді.
Үш үміткердің сөзінен кейін партия төрағасы Азат Перуашев дауыс беру басталғанын хабарлады. Арнайы дайындалған дауыс беру кабиналарында партия мүшелері төрт кандидаттың біріне жасырын түрде дауыс берді.
Сандуғаш Дүйсенов 6% жинады, оған 11 адам дауыс берді. Серік Ерубаев 19% - 23 дауыс, Асқар Садықов 13,7% - 17 дауыс. Қасым-Жомарт Тоқаев 64,1% – 74 дауыс жинады.
Жасырын дауыс беруге барлығы 120 адам қатысты.