Мемлекет басшысы елорданың биік мәртебесіне қаланың орталығы ғана емес, оның шеткі бөлігі де сай болуы керегін бірнеше рет айтқанын еске салды.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында қазақстандық қалалар мен елорданы абаттандыруға барынша назар аударуға шақырды, деп жазады tengrinews.kz.
"Қалаларымыздың көрінісі нашар, мойындауымыз керек. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Бюджеттері әлдеқайда аз болса да, шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалар өте әдемі көрінеді.
Бұл муниципал биліктің жұмысы болса керек, екінші жағынан, бұл - қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне деген көзқарасы. Қала тұрғындары өз көшелері мен үйлеріне немқұрайлы қарайды деген мәселе туындап тұр. Ал бұл еліміздің имиджі мен беделін түсіреді. Айтпақшы, мұндай мәселе елордаға да қатысты", - дейді Президент.
Мемлекет басшысы елорданың биік мәртебесіне қаланың орталығы ғана емес, оның шеткі бөлігі де сай болуы керегін бірнеше рет айтқанын еске салды.
"Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер бар. Мәслихат өкілдері. Назар аударыңыз. Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжетті көрсетті. Бұл алаңды пайдалану қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты", - дейді Президент.