Ақмола облысында асыранды баланың өліміне қатысты өгей анасы қамауға алынды

0
368

Екі жастағы баланың денесі ауладан табылды.


Ақмола облысында асыранды баланың өліміне қатысты өгей анасы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Щучье қаласының 28 жастағы тұрғыны асырап алған 2 жастағы баласын азаптап өлтірді деген күдікпен тұтқындалды, деп жазады stan.kz.

Екі жастағы баланың денесі ауладан табылды. Оны бағып алған отбасы төрт жыл бұрын үйінің алдына көміп тастаған. Бірақ ол туралы ешкім білмеген. Қылмыс ойламаған жерден әшкере болды.

Бес баланы асырап алған отбасындағы бір балақай ауруханаға түседі. Сонда қамқоршысы шатасып өлген баланың туу туралы куәлігін көрсеткен. Осыдан кейін тексеріс басталып, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны белгілі болды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы әжелері қамауға алынған. Енді "Азаптау" бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды. Сондай-ақ төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.