Абай облысындағы орта мектептің қазандығы жарылды

0
113

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте 943 оқушы білім алып, 117 мұғалім жұмыс істейді.


Абай облысындағы орта мектептің қазандығы жарылды

Фото: Жамбыл облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Абай облысы Үржар ауданындағы орта мектептің жеке тұрған қазандығы жарылып, от жағушы күйіп қалды, деп жазады inform.kz.

22 қарашада Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болды. Алдын ала дерек бойынша бұған жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болған.

«Жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 54 жастағы от жағушы 2-3-дәрежелі күйік алды. Қазіргі уақытта ол аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектепке жылу беріліп жатыр. Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған.

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте 943 оқушы білім алып, 117 мұғалім жұмыс істейді.