ЖШС директорының айтуынша, 32 бас мал жойылған. Ет комиссиялық түрде тәркіленді.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Үшқарасу ауылында сібір жарасы анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
28 тамызда Ақмола облысының СЭС департаменті Жарқайың ауданындағы ЖШС қызметкерлерінде сібір жарасы ауруына күдікті жағдайлардың тіркелгені туралы хабарлады.
ЖШС директорының айтуынша, 32 бас мал жойылған. Ет комиссиялық түрде тәркіленді.
"Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 12 адам жатқызылды. Сондай-ақ, байланста болған 22 тұлға Жарқайың ОАА медицина қызметкерлерінің бақылауында. Клиникалық көрініс пен зертханалық мәліметтерге сәйкес "Сібір жарасы" диагнозы қойылды. Пациенттер емдеуді клиникалық хаттамаға сәйкес детоксикация терапиясын қабылдап, антибиотикалық терапия жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Санитарлық қызмет эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіп жатыр. Ауданның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес байланысқан адамдарға медициналық бақылау орнатылған.
Дезинфекция барлық тексерілген орындарда жүргізілді.
Жергілікті жерде СЭС, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитеті аумақтық инспекциясы және ветеринария басқармасы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды. Инфекция ошағын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Аудандық полиция бөлімі Үшқарасу ауылына ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуді шектеу үшін бекеттер қойды. Ауылға кіріп, шығу орындарында полиция нарядтары қойылды, кіретін және шығатын көлік пен халық тіркеледі", - делінген хабарламада.