Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтап өлтірген күдіктінің ұсталғаны жайлы видео пайда болды

0
495

Зардап шеккендердің барлығы пышақталған.


Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтап өлтірген күдіктінің ұсталғаны жайлы видео пайда болды

ERNUR.KZ. Ақсуда әйел мен екі баланы аяусыз пышақтап кеткен күдіктінің ұсталған сәті туралы видео пайда болды. Бейнежазбаны Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Ақсу қаласында Әуезов көшесіндегі үйден әйел мен оның жеті және бес жастағы балаларының денелері табылды. Зардап шеккендердің барлығы пышақталған. Қаза тапқандар туралы қаланың кезекші бөлігіне сағат 11: 40-та хабарланған.



Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ізін суытпай әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Ол Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.