Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті

0
1 277

Ол 6 сәуірде сағат 17:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.


Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.

Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.

Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.

"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады", - деді Lider.kz еріктілері.