Ақтауда көлік қаққан екі баланың біреуі көз жұмды

0
522

Nissan X-Terra көлігі жаяу жүргінші жолағымен, жолды кесіп өтіп бара жатқан үш адамды қаққан. Олар 5 және 6 жастағы екі қыз және біреуінің анасы екен.


Ақтауда көлік қаққан екі баланың біреуі көз жұмды

ERNUR.KZ. Оқиға 29 қараша шамамен күндізгі сағат 13.15-те Ақтау қаласындағы 31"А" және 31"Б" шағынаудандары маңында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті полиция дерегінше, Nissan X-Terra көлігі жаяу жүргінші жолағымен, жолды кесіп өтіп бара жатқан үш адамды қаққан. Олар 5 және 6 жастағы екі қыз және біреуінің анасы екен. Зардап шеккендер дереу Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер бір бүлдіршіннің өмірін құтқарып қала алмады. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

"Жол апатына түскен қыздың көзінің астында қара дақтар, ісік, екі аяғының балтырында жарақат бар. Жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Травматология бөлімшесіне жатқызылды" деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.