Ақтаудағы атыстың видеосы жарияланды – бір адамның басына оқ тиген

0
811

Видеода бір топ жігіттің екі адамды соққыға жыққаны анық көрініп тұр.


Ақтаудағы атыстың видеосы жарияланды – бір адамның басына оқ тиген

ERNUR.KZ. Ақтауда түнгі клубта болған атыс кезінде жас жігіттің басына оқ тиген, тағы бір бір адам аяғынан жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.

Видеода бір топ жігіттің екі адамды соққыға жыққаны анық көрініп тұр. Одан кейін далада біреуі қару кезеп, оқ атты.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі ер адам жеткізілді. Біреуінің басына оқ тиген. Ол әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр.
"Қазір жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Ота жасалған жоқ", - дейді мамандар.
Ақтаулық полиция бір күннің ішінде түнгі клубта оқ атқандарды тапты. Алтауы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігінің 9-тармағы ("кісі өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейігі тергеу басталды.