Жаппай төбелеске қатысқан жеті адам ұсталды.
ERNUR.KZ. Ақтауда 20 қарашада жаппай төбелеске қатысқан жеті адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
"Жаппай төбелеске қатысқан жеті адам ұсталды. Олар қазір Ақтау қалалық полиция басқармасында. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Осыған дейін "Лада" басылымы төбелестің видеосын жариялаған еді.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады!
Осындай жағдай қарашаның басында Алматыда да болған еді. Қала орталығында жастардың жаппай төбелесі видеоға түсірілген. Кейінірек студенттерді полиция ұстады.