Полицейлер оқиға жайлы айтты.
ERNUR.KZ. Желіде Ақтауда ер адам әйелі мен көңілдесін ұстап алып, төртінші қабаттан итеріп жіберген деген ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Желіде жарияланған видеода көп қабатты үйлердің жанында басы жарылған тыр жалаңаш адамның денесі жатыр. Желідегілердің болжамына сәйкес ер адам әйелі мен көңілдесіп ұстап алып, төртінші қабаттан итеріп жіберген.
Артынша Ақтау қаласы 13-шағын ауданындағы 42 үйдің жанынан ер адамның денесі табылғаны белгілі болды. Марқұмның туыстары ер адам көмекке шақырғанын айтады. Олардың сөзінше, ер адамды біреу төртінші қабаттың терезесінен қасақана итеріп жіберген.
Анықталғандай ер адам өз өзіне қол салған. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, ер адам әйелі мен көңілдесін ұстап алып, төртінші қабаттан итеріп жіберген деген ақпаратты жоққа шығарды.
"10 наурызда сағат 12:00-де Ақтау қаласының полиция бөлімінің басқару пультіне 13-шағын аудандағы 42 үйдің жанында ер адамның денесі табылды деген қоңырау түсті. Аталған факт бойынша 105-бап "Өз өзіне қол жұмсауға дейін апару" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.