Ақтаулық журналистер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
1 821

«Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған журналист саны 20-ға жетіп қалды.


Ақтаулық журналистер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ERNUR.KZ. Қазақстанда БАҚ өкілдері арасында алғашқы болып маңғыстаулық журналистер орталық аурухананың егу кабинетінде екпе салдырды, деп жазады baq.kz.

Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған журналист саны бүгінде 20-ға жетіп қалды. Барлығы да арада 21 тәулік өткен соң дәрігерлерге қайта қаралып, екінші компонентін ектіреміз деп отыр. Қазіргі жағдайлары бірқалыпты, алаңсыз жұмыстарында жүр.

Былтыр жазда ауырдым. Бірнеше күн ауырсыну, шаршау сезімінен арыла алмай, қиналдым. Ал туған-туыстарымда бұл дерт ауыр өтті. Шүкір, қазір жақсымыз. Биыл, міне, індет тағы күшейіп жатыр. Қауіп бар. Пандемия деп жұмыстан қашып отыруға тағы болмайды. Өңірдегі стационар, провизорлық орталықтарға барып, ақпарат жазып, көпке таратуымыз тоқтаған жоқ. Қатермен күнде бетпе-бет келіп жүрген соң, осы вакцинаны алып, ағзада қорғаныш қабілетін арттыру қажеттігін түсіндім, - деді Ақсындар есімді облыстық теларна қызметкері.

Қазақстанда вакциналау басталған тұста Маңғыстау өңірінде емдеу мекемелерінде бас-аяғы 10 егу кабинеті әзірленді. Қазір халықты егу жұмыстары жоспарлы кезеңмен жүргізіліп жатыр.
Осы күнге дейін Covid-19 дертінің бетін қайтаратын ресейлік препараттың бірінші компонентін 1625, ал екінші компонентін 530 адам салдырды. Вакциналаудан өткен азаматтар медициналық ұйымдарда, құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді.

Ағзаға екпе салынғанда дене қызуы аздап жоғарылап, немесе суфеберитті температура төмендеуі мүмкін. Егу алдында әр азаматтың денсаулығы жайлы ақпарат аламыз. Егу кабинетінде емдік шара жасалған соң, жарты сағаттай демалуы керек. Осыған дейін бізге келіп вакцина салдырған республикалық және жергілікті телеарна қызметкерлерін енді 17 сәуірде екінші компонетті салуға шақырамыз, - дейді өңірлік ауруханының терапевт-дәрігері Әсел Амангелдіқызы.

Көршілес Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлерінде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр.
Халықты жеке гигиена талаптарын бұзбай, оқшаулану әрі бетперде тағуға үгіт-насихат жұмыстары толассыз жүргізілуінің арқасында Маңғыстау өңірі бүгінде «жасыл аймақта» тұр. Десек те, әліптің артын баққан жөн.