Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында Қарғалы өзені көтеріліп жатыр. Қазіргі кезде 100-ге жуық адам эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді.
Қазіргі кезде Қарғалы өзені көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр.
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменованың айтуынша, қазіргі кезде саяжайда орналасқан үйлердің аулаларын су басты.
Үйдің ішіне кірмеуі үшін іргетасына құм толы қап төселіп жатыр.
«Биыл екі есе қар жауды. Қазір Жаман Қарғалы өзені толып, күн жылығанда тысқын болып жатыр. Тұрғындарға айтарымыз, Қарғалы су қоймасы ашылған жоқ. Оның резерві бар», - деді қала әкімі Мұрат Жөребеков.
Адамдар олимпиада резервтерін даярлу спорт мектебі мен колледж жатақханасына орналастырылды.
«66/55 әскери бөлімінің жедел батальонының жеке құрамы аталған аудандардағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылдырылған. Әскери қызметшілер күн ішінде су жолындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті. Сонымен қатар су басқан тұрғын үйлердің аулалары мен жолдарды тазартты. Біз кез келген көмекке әркезде дайынбыз», - дейді 6655 әскери бөлімінің штаб бастығы Дәурен Жағыпаров.