Оның басшылары жұмыстан босатылды.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде екі адамды көлікпен қағып өлтірген полицей қамауға алынды. Ал оның басшылары жұмыстан босатылды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшысы тойдан кейін көлікке мас күйде отырған. Жолда рөлге ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. Ерлі-зайыпты оқиға орнында мерт болды.
Облыстық полиция депаратменті сотқа дейнгі тергеудің басталғанын хабарлады. Ал рөлде болған полицей қамауға алынған.
"Сондай-ақ, қызметтік тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде жеті қызметкер, соның ішінде тікелей басшылар қызметінен босатылды", - дейді департаменті мамандары.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.