Алдағы күндер жауын-шашынды болады

0
1 288

Мұнда кей жерлерде найзағай және бұршақпен өткінші жаңбыр, найзағай ойнағанда желдің шквалды күшею қарқыны 15…23 м/с дейін болжанады.


Алдағы күндер жауын-шашынды болады

ERNUR.KZ. Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон жылжып, онымен бұл аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты, кей жерлерде бұршақ, күшті екпінді жел және температураның төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бұл циклонның әсері республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа-райына да таралады. Мұнда кей жерлерде найзағай және бұршақпен өткінші жаңбыр, найзағай ойнағанда желдің шквалды күшею қарқыны 15…23 м/с дейін болжанады. Ауа температурасы сондай-ақ солтүстікте төмендейді және орталықта осы мезгіл үшін 2...3 градусқа әдеттегіден төмен болады.

Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында ыстықтың төмендеуі болжанады.