Алматы әкімінің орынбасары қисайған үйде түнеп шықты

0
846

«Зерделі» шағынауданының тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қаққан.


Алматы әкімінің орынбасары қисайған үйде түнеп шықты

ERNUR.KZ. Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қисайған үйде түнеп шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Зерделі» шағынауданында орналасқан 9 қабатты үйдің қауіпсіз екенін дәлелдеу мақсатында әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев бұл үйде түнеп шықты.

Бұл ақпаратты тұрғындар растады. Мәселені шешуге келген шенеуніктен олар үйде қалып, қонып шығуды сұраған.

Айта кету керек, Алматыда «Зерделі» шағынауданының тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

«Біздің үйдің мәселесі бір шешімін тапқанша мүлкімізбен қоса қауіпсіз жерге көшіруді сұраймыз»,- деді тұрғын Әсел Садықова.

Ал қалалық әкімдік арнайы тексеру нәтижесінде тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтқан болатын.