Алматы әуежайында жаңа терминал төбесінен су ағып жатыр

0
750

​Алматы әуежайының жаңа терминалының төбесінен су ағып жатыр.


Алматы әуежайында жаңа терминал төбесінен су ағып жатыр

ERNUR.KZ. Әуежай әкімшілігі мәселені жою шараларын қабылдаған, - деп жазады Tengritravel.kz.

Әлеуметтік желіде төбеден су ағып жатқаны түсірілген кадрлар пайда болды. Онда сауда бутигі төбесінен су ағып жатқаны көрсетілген.


Әуежайдың баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Алматы әуежайы терминалында төбеден су ағуына қатысты барлық ақау дереу түзетілгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Олар жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі әуежай әкімшілігінің басты басымдығы екенін атап өтті.

"Біз жағдайды түзету үшін шұғыл қадам жасадық, соның ішінде: су кету көзін анықтау және оны оқшаулау бойынша шаралар қабылдау, жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін кедергілер мен көрсеткіштерді орналастыру арқылы қамтамасыз ету, ақауды мүмкіндігінше тез жою үшін мердігерлермен жұмыс жасау", - делінген баспасөз хабарламасында.