Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

0
1 470

Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам ауруханаға жеткізілді.


Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. 11 маусым күні кешкі уақытта Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 11 түрлі жарақат алды, деп жазады almaty.tv.

Жол-көлік апатының болуына далада қатты жауған жаңбыр себеп болған.

Басылымның жазуынша, жолаушыларға толы Mercedes Sprinter көлігі Алматыға қарай бет алып келе жатқан. Оның артында оқиғаға қатысы бар екінші көлік Тoyota Camry жүріп келген. Ал соқтығысқан үшінші көлік Mercedes E-Class жолдың қарама-қарсы бағытында болған.

Анықталғандай, E-Class жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Нәтижесінде ол шағын автобуспен соқтығысып, оны жолдың шетіне ұшырып жіберген. Sprinter-дің артынан келе жатқан Toyota көлігі де E-Class көлігімен соқтығысып қалған.

Екі көлікпен соқтығысқан E-Class екі бөлікке қақ айырылды. Алдынғы бөлігі жолдың шетіне ұшып кетсе, қалғаны тас жол бойында қалған.

Автобустың егде жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан 11 адам зардап шеккен. Оның жетеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккендер арасында шағын автобус пен E-Class жүргізушілері де бар.