​Алматы облысында бүтін бір отбасы далада қалды

0
1 180

Ал жергілікті әкімдік болса, болған жайтқа үй иелерінің өзін кінәлайды.


​Алматы облысында бүтін бір отбасы далада қалды

сурет:tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Оқыс жағдай кешкі асты дайындау кезінде болған. 30 жастағы әйелдің денесін қатты күйік шалып, ауруханада жатыр. 7 жасар ұл бала да зардап шеккен. Қазір екі бөлмелі баспана тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған, деп жазады ktk.kz.

Ал жергілікті әкімдік болса, болған жайтқа үй иелерінің өзін кінәлайды. Өйткені пештерін уақытында тазаламаған дейді.

- Екі бөлмелі баспананың қазіргі күйі осындай. Жарылыстан соң Қабырғалары опырылып, терезе мен есігі жан-жаққа ұшып кеткен. Ал оқыс оқиға болған кезде пәтер иесі үйде болыпты. Оның жары осы бөлмеде кешкі ас дайындап жүрсе, ал балалары мына жерде ойнап жатқан көрінеді. Отағасының айтуынша, осы пешпен үйін жылтып, күнделікті асын пісіріп жүрсе де, ешқандай ақауды байқамағандарын айттады.

Қанат Нұрқожаев:

- Балаларым аман бірақ денелерін күйік шалған. Пешті биыл жаңартып салғам, құдығының бәрі таза, тартуы жақсы болған. Мойнымда несием бар, үйді қалпына келтіруге шамам жоқ. Оқыс оқиғадан 7 жасар ұлдары мен 30 жастағы отанасы зардап шеккен. Шырынға екінші дәрежелі күйік деген диагноз қойылып, қазір ауруханада жатыр.

Шырын Нұрходжаева:

- Мен далаға ұшып кеттім. Есімді жисам үстіме қабырға құлаған. Жиған-тергенінен бір сәтте айырылған отбасы үш баласымен қазір көршілерінің үйінде түнеп жүр. Ал жергілікті атқамінерлер жарылыс бола сала оқиға орнына келгенімен, болған жайтқа пештің тазаланбауы себеп дейді.

Саят Бірімжанов, ҚазЦик ауылдық округінің бас маманы:

- Көмір жаққан кезде құдығы бітеліп қалған. Бітелген жағына газ жиналып жарылыс болған. Үй жарамайды енді, қайта тұрғызу керек. Он күннің ішінде көмек көрсетілетін болады.

Осылайша жергілікті билік опырылған баспаны бұзып, орнына жаңа үй салып беруге көмектесеміз дейді. Ал екеуі де жұмыссыз ерлі-зайыптылар болса, жомарт жандарға алақан жаюға мәжбүр. Төтенше жағдайлар қызметі қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін қатты отымен жылытылатын үйлердің пештерін тексеруді тағы бір ескертті.