Алматы облысында қызды кепілдікке алып қарызын талап еткен (видео)

0
1 040

Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен.


Алматы облысында қызды кепілдікке алып қарызын талап еткен (видео)

фото кадрдан

ERNUR.KZ. Алматы облысында 11 жастағы оқушыны ұрлап кеткен азамат ұсталды. Күдікті мектептен шыққан қызды әкең күтіп отыр деп алдап, ертіп кеткен. Сосын ата-анасына хабарласып, ақша талап еткен, деп хабарлайды ktk.kz.

Күдіктінің айтуынша, ұрланған қыздың әкесі ақша берешек болыпты. Арам оймен қарызын қайтарудың жолын іздеген азамат осылай есеп айырысуды көздеген. Тіпті ата-анасына хабарласып, тез арада қажетті қаржыны тауып беруін талап етіпті.

"110 мың теңге сұрады. Қаражатты 1 сағаттың ішінде карточкаға аудару керектігін айтты. Тәртіп сақшылары іске кіріспегенде, қызымды қандай жағдай күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты" - Ләззат Қуанова, ұрланған қыздың анасы.

11 жастағы оқушы әкесі мен күдікті өзара таныс болған соң, алғашында кепілге алынғанын білмепті. Ал қылмыстың ізін ашуға Қарасай ауданының полицейлері түгел жұмылдырылған.

"Іздестіру шаралары бойынша күдікті тұлға біздің аудандағы ірі супермаркеттің бірінде екені анықталды. Кәмелет жасына толмаған қыз аман-есен ата-анасына қайтарылды" - Самат Сатқанбаев, Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі.

Қызымен қауышқан ата-ананың жедел қимылдаған тәртіп сақшыларына алғысы шексіз. Полицияның айтуынша, күдікті адам ұрлау дерегі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.