Алматы облысында полигонда әскери қызметкер оқтан жараланды

0
728

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Алматы облысындағы полигонда қолынан жарақат алды.


Алматы облысында полигонда әскери қызметкер оқтан жараланды
ERNUR.KZ. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайымен бөлісті, деп жазады zakon.kz.


Ресми ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

"Әскери полигонда оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер қаруды тапсырды. Осы кезде Макаров тапаншасынан абайсызда атылған оқ әскери қызметкердің сұқ саусағын жанап өтіп, жеңіл жарақат келтірілді", - деп мәлімдейді ҚР Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, оқиға орнында зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілгені де айтылады.

"Қызметтік тергеу жүргізілуде", делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін тағы бір осыған ұқсас оқиға туралы хабарланған. Арыста келісімшарт бойынша әскери міндетін атқарушы басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Сонымен қатар, 13 қыркүйекте Алматыда Әскери институт аумағында келісімшарт бойынша міндетін атқарушы - әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.