Алматы облысында тас жолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды

0
2 419

​Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Алматы облысында тас жолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында "Алматы-Бішкек" тас жолының бойындағы жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.

Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне "Алматы-Бішкек" тас жолының 24-шақырымындағы жанармай құю бекетінің артында түрлі дене жарақаты бар белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.

Кейіннен оның 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы екені анықталды.

"Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлілерге 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.