Алматы облысының Үлкен Ақсу ауылындағы карантин тоқтады

0
290

Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлім етті.


Алматы облысының Үлкен Ақсу ауылындағы карантин тоқтады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматы облысы Үлкен Ақсу ауылында қарасанға байланысты жарияланған карантин тоқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осы аптаның басында Үлкен Ақсу ауылындағы қарасанға байланысты жарияланған карантин тоқтады. Нақты неше малдан ауру табылғанын кейін анықтап айтып берейін», - деді бүгін ол сенат кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, осы ауылда ауру мал сойған 11 адамнан күйдіргі дерті анықталған еді.