Алматы тұрғыны сауда орталығына маскасыз кіргізбей қойған күзетшіні ұрып-соққан

0
736

Видео әлеуметтік желіде жарияланды.


Алматы тұрғыны сауда орталығына маскасыз кіргізбей қойған күзетшіні ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Алматыда мас адам сауда ойын сауық орталығына маскасыз кіргізбеген күзетшіні ұрды, деп жазады ҚазАқпарат.


Бұл оқиға Silk Way City сауда үйінде болған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық полиция департаменті тәртіп бұзған азаматтың ұсталғанын хабарлады.


«Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа берілді»,- деді Алматы ПД.