Марқұм небәрі 30 жаста болған.
ERNUR.KZ. Алматыда 21 қабатты үйдің 15-ші қабатынан құлаған келіншек жантүршігерлік қадамға өз еркімен барған. Өйткені оның өз-өзіне қол салған сәті бір емес, бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Оқиға таңға жуық, жұрт шырт ұйқыда жатқанда болған. Ашық тұрған подъезге кірген әйел бастапқыда күзетшілердің күдігін тудыра қоймаған. Алайда арада 5-10 минут өтер-өтпей, гүрс еткен дауыс шыққан. Көпқабатты үйдің жан-жағына қойылған бейнекамералар көрсеткендей, келіншек 15-ші қабаттан өзі секіріп кетіпті. Денесі кіреберістің төбесіне, ал қолдары жұлынып жерге түскен. Марқұм небәрі 30 жаста болған. Орал қаласының тумасы. Әйелдің өз-өзін өлімге қию себебі тексеріліп жатыр.
- Жүйке ауруына шалдыққан екен. Арнайы есепте тұрған. Болған оқиғаның толық мән-жайы, себеп-салдары тергеу кезінде анықталады, - дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.