Алматыда балалардың вирус жұқтыруы артқан

0
2 183

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр.


Алматыда балалардың вирус жұқтыруы артқан

ERNUR.KZ. Алматыда балалар арасында коронавирус жұқтыру деңгейі өскен, деп жазады baq.kz.

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте 341 адамның ПТР тесті оң болып шыққан.

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурушаңдықтың 3 есеге (тәулігіне - 17 жұқтыру жағдайы) және онлайн оқытудағы оқушылар арасында - 4 есеге (28 жағдай) өскені байқалады. Ата-аналарға алдын алу шараларының маңыздылығы туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылады, - делінген хабарламада.

Тәуекел тобында бұрынғысынша - 65 жастан асқан және созылмалы ауруы бар адамдар қалып отыр. Оларға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беріледі.

Сонымен қатар 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында инфекцияның өсуі байқалды. Талдау көрсеткендей, қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдардың топтасуы көбейгені байқалады - отбасылық іс-шаралардан, үйлену тойларынан, еске алулардан және үйдегі тойлардан жұқтыру жағдайларын тіркеу жалғасуда,-делінгне хабарламада.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілікпен қарауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады. Кем дегенде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию маңызды.



Еске салсақ, карантиндік шараларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.